17 Тамыз, 2010

Аптада өтетін басты шаралар

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов кеше бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізіп, осы аптада өтетін басты шаралармен таныстырды. Ресми өкілдің мәлім етуінше, 19 тамыз күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жа­нын­дағы Халықаралық гумани­та­р­лық орталық өз жұмысын бас­тайды. Оның ашылуына Орталық Азиядағы Қызыл Крест халық­аралық комитеті мен еліміздің сыртқы саясат ведомствосының өкілдері қатысады. Ал 20-22 тамыз аралығында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Арменияда өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер бас­шыларының бейресми кездесуіне қатысады деп күтілуде. Бұл кездесу барысында Ұжым­дық қауіпсіздік шарты ұйымы шең­берінде дағдарыстық жағдайларға лайықты жауап берудің тиімді жүйе­сін құру жөніндегі ұсыныстар талқыға салынады. Сондай-ақ Қырғызстандағы  жағдайды тұрақ­тан­дыруға ықпал ететін шара­лардың барысы пысықталмақ. Ресми өкіл, журналистердің сұ­ра­ғына орай берген жауабында үс­тіміздегі жылдың 1-2 желтоқ­санына жос­парланып отырған ЕҚЫҰ-ға мем­лекеттер мүше бас­шыларының сам­митіне дайындық қызу жүріп жат­қандығын жеткізді. Қазіргі таң­да Ұйымның Венадағы штаб-пә­те­рінде белсенді консультациялар орын алып, алдағы саммиттің күн тәртібі мен ұйымдастырушылық мәселелері бойынша пысықтау жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. “Егемен-ақпарат”.