17 Тамыз, 2010

Жылы шырайлы кездесулер

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
14 тамызда Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Британ-Қазақстан бүкілпартиялық парламенттік тобының жетекшісі лорд Висконт Уэйверлимен кездесті, деп хабар­лады Премьер-Министрдің бас­пасөз қызметі. Кездесуде Қазақстан-Британ сауда-экономикалық қызметтестігін дамыту мәселелері талқыланды. *  *  * 14 тамызда Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Франция сенаторы Эмери де Монтескьюмен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министр­дің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан-Франция арасындағы сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылдарды кеңейтудің көкейкесті мәселелері талқыланды. Тараптар ауыл шаруашылығы, ветеринария, қорғаныс және авиация өнеркәсібі салаларындағы қызметтестіктің әлеуеті жоғары екендігіне назар аударды. Атап айтқанда, Eurocopter компаниясының Қазақстанда тікұшақтар шығару жөніндегі жобаны бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екендігі айтылды. Эмери де Монтескью француз жа­ғының Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Нұрсұлтан На­зар­баевтың үстіміздегі жылдың күзінде Парижге ресми сапары кезінде қа­жетті құжаттарға қол қоюға дайын екендігін растады.