17 Тамыз, 2010

Сенат спикері литва елшісін қабылдады

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Литва Республикасының елшісі Рамульдас Козыровичюсті оның біздің еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады. Қазақстан-Литва қатынастарының белсенділігін атап өте келіп, Қ.Тоқаев парламентаралық ынтымақтастықты өркендетудің маңыздылығына тоқталды. Бүгінде Сенатта Литва Сеймі­мен ынтымақтастық тобы жұмыс іс­тейді. Литва Республикасының жоғары заң шығару органында да қа­зақстандық парламентшілермен достық және ынтымақтастық тобы қызмет етеді. Біздің еліміздің ЕҚЫҰ-дағы жоғарғы лауазымы алдағы жылы Литваға берілетін болады. Ұйым­ның қазақстандық төрағалығының басымдықтары жайында айта келіп, Төраға Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізу идеясына қолдау білдіргені үшін Литва басшыларына ризашы­лық білдірді. “Екіжақты қатынастарды одан әрі белсенділендіру үшін елде­рі­мізде барлық жағдайлар жасалды, жо­ғары саяси деңгейде делега­ция­лар алмасылып, мемлекетаралық байланыстар қарқынды түрде да­мып келеді”, – деп атап өтті Р.Козыровичюс. Дипломаттың айтуынша, Литва­да біздің елімізге ұдайы назар ауда­ратын және ықылас танытатын Қазақстан мен оның басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевқа сыйлас­тықпен қарайды. Қазақстан мен Литваны ортақ тарихымыз бен өз­ара мүдделестік және тату көрші­лестік дәстүрлеріне негізделген ұзақ жылдарғы достық пен ынтымақ­тастық байланыстырады, – деді Р.Козыровичюс. Елшінің пікі­рін­ше, Кеден одағының құрылуымен экономикалық, сауда және мәдени-гуманитарлық ауқымды мәселелер бойынша екі мемлекеттің белсенді іс-қимылы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда.