20 Тамыз, 2010

Ұялы байланыс тарифтері төмендемек

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Байланыс және ақпарат ми­нистрлігінде Халықаралық GSM ассоциациясы, “Кар-Тел” ЖШС және Бәсекелестікті қорғау агент­тігі өкілдерінің қатысуымен ин­терконнект (желіаралық қо­сылу) ставкаларын төмендету мәселелері жөнінде кездесу болып өтті. Бұл кездесу Байланыс және ақпарат министрлігінің ұялы байланыс қызметі тарифтерін төмендету жөніндегі жұмысы шеңберінде ұйымдастырылды. Осы орайда үстіміздегі жылдың шілде айында Байланыс және ақпарат министрі А.Жұмағалиев­тің Қазақстан байланыс опера­торлары кеңесімен кездесуі барысында компанияның таяу уақыттарда өз қызметтерінің тарифтерін түпкі тұтынушы үшін және “интер­коннект­тің” есептік ставкалары бо­йын­ша төмендету жөнінен өз ұсы­ныстарын беру туралы міндет­теме алғанын еске сала кету қажет. Кездесуде Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төр­ағасы Ризат Нұршабеков хабар­лағандай, ұялы байланыс опера­тор­лары арасында желіара­лық қосылуларға сонау 1999 жылы белгіленген тарифтер соңғы 11 жыл бойына өзгермеген. Сол сияқты ол “интерконнект” став­ка­­ларының жоғары болуының ұялы баланыс қызметтері тариф­­терін төмендетуге кедергі келтіруі мүмкін екенін де атап өтті. Кездесу қорытындысында Р.Нұр­шабеков министрліктің “ин­терконнект” ставкаларын төмен­детуді жүзеге асыру туралы ұялы байланыс операторларының ортақ шешімін күтетіндігін атап көрсетті. Оның ойынша, бұл мәселені шешуде халықтың да, сол сияқты ұялы байланыс операторларының да мүдделерін ескере отырып дұрыс көзқарас таба білу қажет. “Егемен-ақпарат”.