Вольтер.
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқаратын заңдылықты және құқық тәртібін қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының басты міндеттері. Құқық қорғау саласының жағдайына азаматтық қоғамның сапасы едәуір байланысты. Елбасының биылғы жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жетілдіру үдерісіндегі құқықтық реформаға айрықша назар аударуы кездейсоқ емес. 17 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы” Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысы ұсынған құқық қорғау жүйесінің реформасы құқық тәртібі саласына әбден сіңіп кеткен репрессиялық идеологиядан және азаматтар, қоғам мен мемлекет мүдделерін тиімді қорғауға кедергі келтіретін кеңестік кезеңдегі іс-әрекеттен бас тартуға бағытталған. Ол құқық қорғау органдарының сыбайластығын азайтуға, оларға деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді. Құқық қорғау органдарының маңызды құрылымы мен әкімшілік реформасы өткен ғасырдың 90-шы жылдары жүзеге асырылды. Посткеңестік кезеңдегі қылмысқа қарсы күрес мәселелері біздің тәуелсіздігіміз қалыптасуының оңай емес үдерісі жүріп жатқан уақытта күшті саяси сипатқа ие болды. Құқықтық бей-берекеттік және экономикалық дағдарыс жағдайында қоғамның қылмыстануы қауіпті ауқымдар деңгейіне жете бастады. Осы себепті, біздің сол кездегі негізгі міндетіміз іс жүзінде қылмысқа пәрменді бақылау орнату болды. Заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін құру керек болды. Біз бұл сынаққа төздік. Сонымен бірге репрессивті кеңестік модельден қалған рецидивтер сақталып, әлі де байқалады. Елбасы осыған байланысты жазалаудың қолданыстағы жүйесінің анық дағдарысына қатты назар аударды. Еуропа елдерінде сотталғандардың шамамен үштен біріне бас бостандығынан айыруға үкім шығарылады, ал қалғандарына қатысты жазалаудың балама түрлері: келтірілген залалдың орнын толтыру, айыппұлдар, қоғамдық жұмыстар және т.б. қолданылады. Біздегі көрініс мүлде қарама-қарсы: сотталғандардың үштен екісі, оның ішінде елеусіз қылмысы үшін бас бостандығынан айыру орындарына жіберіліп, сонымен қылмыстық-атқару жүйесіне және бюджетке түсетін салмақты арттырады. Соңғы 3 жылда “абақтыдағы халық” саны 23%-ға артты. 2009 жылдың өзінде сотталғандарды ұстауға 21,5 млрд. теңге шығындалды. Құқықтық саладағы шешуші қайта құру Нұрсұлтан Назарбаевтың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” Жолдауында қойған міндеттерінен туындайды. Елдің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды шарттарының бірі азаматтардың конституциялық құқықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғаудың тиімді жүйесін құру болып табылады. Бұл күш құрылымдарының қызметін бағалаудың басты индикаторы. Елбасы құқық қорғау органдары басшыларымен 17 тамызда өткізген кеңестегі сөзінде қабылданған шаралар азаматтардың құқықтарын әділ және шынайы қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Құқық қорғау органдарының қызметін бағалаудың айшықты бір индикаторы оларға деген сенім деңгейі болмақ. Демократиялық елдерде құқық тәртібін қамтамасыз етуде халықтың, қоғамдық ұйымдардың рөлі жоғары. Осындай қолдаудың арқасында құқық бұзушылықтың алдын алу мемлекеттік органдардың қызметінде жетекші орын алып отыр. Біздің елімізде қылмыстық қудалау органдарына деген халық сенімінің төмен деңгейі құқық бұзушылықтардың алдын алудың пәрменді жүйесінің өрістеуіне кедергі жасайды. Жарлықта қоғаммен өзара іс-әрекетті, оның ішінде сол полицияның назарын халыққа аудару тетігін қалыптастыру көзделген. Құқық тәртібінің органдары учаскелік инспекторлардың есеп беру жүйесін, сайлануын ретке келтіруге, қоғамдық кеңестердің құқықтарын кеңейтуге, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қолдауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға азаматтарды тартуға, халықпен және азаматтық қоғам институттарымен, оның ішінде, әлбетте, баспасөзбен жұмыс істеу бағыттарына баса назар аударатынына сенеміз. Алғашқы реформаны өткізу уақытынан бері болған мәнді өзгерістер және басқарудың тиімсіз жүйесінен, қайталаушылықтан, тиесілі емес функцияларды орындаудан туындаған құқық қорғау органдарын оңтайландыру реформаның анықтаушысы болып табылды. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту аясында құқық қорғау саласында ешбір мәнді өзгерістер болған жоқ. Бұл аз десеңіз, құқық қорғау органдарының қызметі жеке бастамалардың дамуына кедергі келтіре бастады. Осы себепті, Елбасы Жарлығының негізгі мақсаттарының бірі құқық қолдану тәжірибесін нарықтық экономиканы дамытудың мүдделері мен қисынына сәйкестендіру болып табылады. Оперативтілік жағдайы да өзгерді. Қоғамдық қауіпсіздіктің жаңа сынақтары мен қатерлерін бейтараптандыру міндеттері алдыңғы тұрғыға шығып отыр. Күштерді қайта топтау, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің жаңа стратегиясын қалыптастыру қажеттілігі нақтылыққа айналып отыр. Оңтайландыру үшін резервтер бар. Егер 90-шы жылдары жыл сайын 200 мыңнан аса қылмыс тіркелген болса, 2009 жылы олардың саны 121 мыңға дейін немесе 40%-ға төмендеді. Ал полиция және өзге құқық қорғау органдарының саны керісінше, осы кезеңде өсе түсті. Бұл ретте құқық қорғау саласына жұмыстың жаңа формаларын, инновациялық технологияларды енгізу көңілдегіден көп төмен. Оңтайландыру азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын әділ және сенімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған жинақы, кәсіби әрі бәсекеге қабілетті құқық қорғау жүйесін құруға мүмкіндік береді. Ол функционалдық талдау, жүктеменің ғылыми негізделген нормативтерін әзірлеу негізінде, күні өткен құрылымдарды тарату, басқару буындарын қысқарту, қайталаушылық пен әкімшілік тосқауылдарды жою, мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту жолымен жүзеге асырылатын болады. Жеке құраммен, әсіресе қызметі бойынша әділ және айқын жоғарылауды қамтамасыз ету тұрғысындағы жұмыс сапалық жаңа деңгейге көтеріледі. Қызметкерлерді және олардың отбастарын әлеуметтік қорғауды күшейту үшін жағдай жасалады. Реформаның маңызды қағидаты қылмыстық саясатты ізгілендіру болып табылады. Бұл құқық қорғау органдарының идеологиясын түбегейлі өзгертуге, олардың қызметтерінде басым болып отырған репрессивті, жазалаушы іс-әрекеттерінен бас тартуға, уақыт талаптарына бара-бар жұмыстың жаңа моделін құруға мүмкіндік береді. Бұл ретте заңнамалық базаны халықаралық стандарттар мен нарықтық экономика талаптарына сәйкестендіруге баса назар бөлінетін болады. Осылайша, қоғамның қылмыстануы барынша азайып, абақтыдағы халық саны барынша қысқарады. 2010 жылғы бірінші жартыжылдықта ұйымдық және практикалық шаралар негізінде бас бостандығынан айыруға сотталғандар санының жартысына жуығын – 9909-дан 5323 адамға дейін қысқартуға жеттік, бұл түзеу мекемелерінің 5 контингентінің санына тепе-тең. Осындай маңызды мәселелерді заңнамалық бекіту құқық тәртібінің барлық саласын реформалаудың қуатты ынталандырғышы болмақ. Үкіметке мүдделі орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамға үлкен қауіп туғызбайтын қылмыстарды, оның ішінде экономика саласындағы қылмыстарды, оларды жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейте отырып, әкімшілік құқық бұзушылықтар санатына ауыстыру арқылы қылмыстарды криминалсыздандыруды жүзеге асыру тапсырылды. Үлкен емес және орташа экономикалық қылмыстар жасаған адамдар келтірген залалды өз еркімен өтейтін жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Экономикалық қылмыстарды криминалсыздандыру, әлбетте, отандық бизнестің дамуына мүмкіндік туғызады. Бұл өте маңызды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында экономиканы әртараптандыру өзегі кәсіпкерлік болатынын ерекше атап көрсетті. Тәуекелдерді көтеруге дайын кәсіпкерлік санатының қалыптасуы құқықтық ортаның өзгеруінсіз мүмкін емес. Бұдан басқа ол инвестициялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді, қаржы секторына жағымды әсер етеді, себебі, бюджетке түсімдер көлемі ұлғайып, капиталдың кету ағыны қысқарады. Жарлықта қылмыстық істерді тергеу кезінде балама тергеуді барынша азайту және шаруашылық жүргізуші субъектілерді тексеру құқығы бар мемлекеттік органдар тізбесін қысқарту көзделген. Елбасы Жолдауында еліміздің таяудағы онжылдықтағы нақты даму стратегиясы баяндалған. Оны іске асыру экономиканың, қоғам өмірі мен мемлекеттік басқарудың түрлі салаларының сапалы өзгеруіне алып келеді. Құқық қорғау органдарының қызметін бәсекеге қабілетті ету үшін толыққанды бәсекеге қабілетті ортаны, дамыған елдерде жағымды тұрғыдан көрінген құқық қорғаудың жаңа нарықтық институттарын құру қажет. Жарлыққа сәйкес Үкімет жеке детектив қызметін енгізу туралы мәселені пысықтап, тиісті заң жобасын Парламентке енгізуі қажет. Оны қабылдаған жағдайда зейнеткерлікке шыққан көптеген оперативтік қызметкерлер мен тергеушілер осы салада өз орнын таба алады. Мұндай шешім құқық қорғау органдарының елеулі емес құқық бұзушылықтар және шығындануды қажет ететін іздестіру шаралары сияқты жұмыстарын жеңілдетеді. Айта кетейік, бұл – Қазақстанда қабылданбаған құқық тәртібі саласын реттейтін нарықтық заңның бірі. Бәсекелестікке қабілеттілік мәселесі жаңаша ой елегінен өткізуді талап етеді. Оның индикаторлары сандық көрсеткіштер ғана емес, көбіне құқық қорғау жүйесіне кез келген жағдайдың өзгеруі кезінде бара-бар және шапшаң әсер етуге мүмкіндік беретін сапалы өзгерістер болуы керек. Атап айтқанда, құқық қорғау органдары қызметін бағалаудың жаңа критерийлерін анықтау, олар жоғарыда айтылып кеткендей, құқықтық статистикамен қатар құқық тәртібі күштеріне деген халықтың сенім деңгейі сияқты маңызды индикаторларды ескеруі қажет. Бүгінде басқару шешімдерінің тиімділігі, әсіресе қызмет құрамымен және халықпен жұмыс істеу кезінде осы заманғы технологияларды енгізу деңгейіне байланысты болады. Мәселен, ақпараттық технологияларды енгізу полициялардың азаматтармен қарым-қатынасын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың төмендеуіне жағдай жасайды. Мемлекет басшысының Жарлығында көздеген шаралар құқық қорғау органдарындағы қызметтің беделін арттырып, оның бейнесін өзгертуге, уақыт талабы мен жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін құқық тәртібінің жаңа жүйесін қалыптастыруға жағдай туғызады. Алик ШПЕКБАЕВ, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі.Ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты
Спорт • Бүгін, 18:00
Көлікке жылқы тиеп алған Қарағанды тұрғыны ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 17:39
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы сотталды
Оқиға • Бүгін, 17:15
Абай облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:01
Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионы атанды
Бокс • Бүгін, 16:40
Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының сегізінші алтынын нокаутпен жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 16:20