20 Тамыз, 2010

Елбасы қабылдады

445 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт­тық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әділ Шаях­­метовті қабылдады, деп хабарлады Қазақ­стан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Ә.Шаяхметов ағымдағы жылғы ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген алқа отыры­сында Президент алға қойған міндеттердің орын­далу барысы туралы хабардар етті. Кездесу барысында, сондай-ақ “Қазақстан Рес­пуб­ликасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйе­сінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар ту­ралы” Жарлықтың аясында қарастырылғандай, ал­да­ғы уақытта ҰҚК қызметін оңтайландыру туралы әңгіме болды. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақстан Республикасы Ұлттық Банктің Төраға­сы Григорий Марченконы қабылдады, деп ха­бар­ла­ды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Г.Марченко Президентті банк жұмысының қорытындыларынан хабардар етті. – Жалпы алғанда, бүгінде жағдай жағымды. Инфляция деңгейі айтарлықтай төмен, теңге ба­ғамы тұрақты. Тіпті, біз тамызда ұлттық валюта құ­нының жедел өсуінің алдын алу үшін ішкі рынокта валюта сатып алуға мәжбүр болдық. Төлем балансы бойынша ағымдағы шоттың оң сальдосы қалып­тас­ты, яғни тауарлар мен қызметтердің экспорты им­портқа қарағанда едәуір жоғары. Қаржы рыногын­дағы жағдай өте тұрақты. Бір ғана проблема банк­тердің экономиканы несиелеуі ұлғаймай отыруына байланысты болып отыр. Сондықтан Үкімет та­рапынан тиісті екі бағдарлама әзірленді. Мұның өзі күзде тиімділігін көрсетіп, банктердің нақты сек­торды несиелеу көлемі артады деп сенеміз, – деді Г.Марченко журналистерге арналған брифингте. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Сырбар” сыртқы барлау қызметінің директоры Аманжол Жанқұлиевті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында А.Жанқұлиев еліміздің Президентін ведомствоның ағымдағы жұмысынан хабардар етті.
Соңғы жаңалықтар