Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Виктор Януковичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
В.Янукович Қазақстанды Астанада 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекет басшыларының Саммитін өткізу туралы тарихи шешімнің қабылдануымен құттықтады.
Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы қыркүйекте Украинаға ресми сапарына дайындық жүргізу және оны өткізу мәселесі талқыланды. 2010-2011 жылдарға арналған Қазақстан мен Украина ынтымақтастығының “Жол картасы-3” жоспарын іске асыру барысына ерекше назар аударылды.