Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Астана қаласының бас жоспары ғылыми-зерттеу институты” МКК-да болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Астананың бас жоспары кәсіпорнында елорданы одан әр дамыту, қаланың заманауи коммуналдық, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Президентке қаланың жаңа нысандарының – медиа-орталықтың, Мектеп оқушылары шығармашылық сарайының, Қазақстан тарихы мұражайының, жабық тұрғын үй кешенінің жобалары таныстырылды.
Жаңа медиа-орталықта өңірдегі ең үлкен әрі қазіргі заман талаптарына толықтай сай келетін телевизиялық кешен орналасады. Жалпы аумағы 45 мың шаршы метрден астам Оқушылар сарайында планетарий, мұражай, кітапхана, спорт және би залдары мен өзге де бөлмелер орналасады. Қазақстан тарихы мұражайы жаңа алаңға жақын жерде, “Қазақ Елі” монументіне таяу орын тебеді. Ғимарат жобасы модерн стилінде, бірақ қазақтың ұлттық нақышы ескеріліп жасалған.
Көп кешікпей Астана қаласының ең бірегей құрылыстарының бірі жабық кешен болмақ – орасан зор күмбездің астында толық инфрақұрылымы бар бүтін бір тұрғын шағын аудан орналасады. Жыл мезгілінің кез келген уақытында бұл тұрғын кешенде тұрақты ауа температурасы сақталады. Жоба 10 мың тұрғынға есептелген.
Президентке, сондай-ақ тазарту құрылыстарын қайта құру және Талдыкөлдегі ағын сулар жинақтаушысын жою қарастырылған “Астана қаласында қайта қалпына келтірілетін “Талдыкөл” ағын сулар жинақтаушысын жою” жобасы да таныстырылды.
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Олимпиада • Бүгін, 03:06
Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше