Қостанайда бокстан әйелдер арасында Социалистік Еңбек Ері, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ленин орденінің екі мәрте кавалері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Кәмшат Дөненбаева атында өткен халықаралық турнир мәресіне жетті.
Турнирге Қазақстан құрамасы сапында 31 боксшы қатысып, 60 кг. салмақтан басқаларының бәрінде жеңімпаз атанды. Мұнда Дина Елубаева (46 кг.), Алиан Тұрлыбаева (48 кг.), Әйгерім Асқарова (51 кг.), Жайна Шекербекова (54 кг.), Оксана Королева (57 кг.), Мавзуна Нориева (60 кг.), Мөлдір Базарбаева (69 кг.), Марина Вольнова (75 кг.) мен Юлдуз Маматкулова (81 кг.) бас жүлдені жеңіп алды.
Сонымен бірге барлық он салмақтағы жекпе-жектерде бұрымды боксшыларымыз күміс және қола жүлдеге ие болды. Назым Қызайбай, Майра Темірханова, Рано Пархатова, Индира Омарова, Дина Жоламан, Гүлжайна Уббиниязова, Кристина Мурашева, Саида Қасенова, Дариға Шәкімова мен Ләззат Күнгейбаева екінші орынды місе тұтса, Мархабат Рымбекова, Әсем Әріқұлова, Әлия Жанәділова, Нұргүл Жақыпова, Құндыз Әбсаттар, Сәния Сұлтанқызы, Зарина Цолоева, Бекзада Сыдықова, Милана Сафонова, Гүлзат Мұсабаева, Әмина Аманқұл мен София Ковалевская қола жүлдені қанағат тұтты.