Шымкентте ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әндерімен әдіптеліп “Арыс жағасында” атты ретро-фестиваль өткен. Қазақстанның ән өнеріндегі жұлдыздары аспандағы жымыңдаған жұлдыздарға дауысын қосып, қаланы бақыт құшағында балқытқан еді.
“Арыс жағасында” әні Арыс қаласында туған қазақтың қайсар қызының Сингапурдегі Олимпия ойындарында алтыннан олжа салуына ұласты.
Ауыр атлетші Жазира Жаппарқұл 63 кило салмақ дәрежесінде серпе және жұлқи көтеруден қосқанда 205 кило көтеріп, бірінші орынға шықты.
Еліміздің ауыр атлетика құрамасының басшылары 16 жасында ересектер арасындағы әлем чемпионатының дуына түсіп, әлем чемпионатының бас бәйгесін жұлып алған Зүлфия Чиншанлоға үлкен үміт артып еді. Сол Зүлфия бұл жолы күміс медальдың асуынан аса алмады.
Ауыр атлетикадан Олимпия ойындары, әлем чемпионатында жүлде алған қазақ қызы түгілі ер азаматының жоқ екендігін ескерсеңіз, Жазира Жаппарқұл тұңғыш чемпион.
Арыс қаласынан шыққан алып қыздың әкесі Әбдірахман, анасы Күлайханның дәл қазір қоңыр құлыншағы үшін шығарда жаны басқа.
– Қызым спорттың осы түрін таңдағанда қыз балаға лайық емес, тастасаңшы деп айтқым келген, – дейді анасы Күлайхан. – Бірақ, алған бетінен қайтпайтын қайсарлығын білемін. Енді, міне, еліміздің абыройын асқақтатты. Ата-ана үшін осыдан артық қандай абырой керек.
Жазира бір әулеттің емес, Қазақстанның атын әлемге әйгіледі.
Бүгінде Жазира облыстық ауыр атлетикадан олимпиада резервтерін дайындайтын спорт мектебінде Рашид Төлегеновтің тәлімінде жаттығады.
Бақтияр ТАЙЖАН, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Олимпиада • Бүгін, 03:06
Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше