21 Тамыз, 2010

БҰҰ ДБ-мен ынтымақтастық

520 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
“ҚазАгро” ұлттық басқарушы хол­дингі” АҚ еншілес ұйымы “Ау­ыл шаруашылығын қаржылай қол­дау қоры” АҚ, Ғаламдық эколо­гия­лық қор/БҰҰ Даму бағдарламасы/Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің “Жаһандық маңызға ие сулы-батпақты алқаптарды қо­ныс аударатын құстардың мекен­дейтін орындары ретінде кешенді сақтау: үш жобалық аумақтарда көрсету” жобасы аясында 2010-2015 жылдарға арналған “Табиғи орта” шағын несиелендіру бағдарламасын жүзеге асырыла бастады. Осы бағдарлама балама қызмет түрлерін дамыту және 25 ЕҚТА ма­ңындағы жергілікті тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақ­тарға жақын орналасқан ауыл аймақтарының тұрғындарын шағын несиелендіруге бағытталған. Несие алудың негізгі шарттары ЕҚТА маңында орналасқан ауыл аймақтарында тұру болып табыла­ды. Бағдарлама бойынша ең үлкен несие мөлшері 4,5 жылға дейінгі мер­зімге 3100 айлық есептік көр­сет­кішті құрайды. Бұл “Ауыл шаруашылығын қар­жылай қолдау қоры” АҚ БҰҰ ДБ-мен бірлесіп жүзеге асырылып жат­қан үшінші жоба. Бұдан бұрын қор “Жаһандық маңызға ие сулы-бат­пақты алқаптарды қоныс аударатын құстардың мекендейтін орындары ретінде кешенді сақтау: үш жоба­лық аумақтарда көрсету” жобасы және “Бұрынғы Семей ядролық по­лигонына жақын орналасқан аудан­дарда шағын несие, шағын ли­зинг және бизнес консалтинг қыз­­метін ұйымдастыру” жобасы бойынша 2008-2011 жылдарға ар­нал­ған шағын несиелендіру бағдар­ламасын іске асырған болатын. Осы бағдарламалар аясында қор жалпы сомасы 58 209 400 млн. тең­геге 62 бизнес жобасын қар­жы­лан­дырды. Несиелендірудің негізгі ба­ғыттары қонақ үйлерді, эколо­гиялық туризмді ұйымдастыру, шағын жылыжайлар салу, қамыр илегіш қондырғылар және нан пісіретін пештер, тракторлар сатып алу, мал шаруашылығын дамыту және т.б. жобалары болды. Қазақ­стан аумағында алғашқы рет шағын лизинг бағдарламасы іске асырыл­ды. Сондай-ақ, бизнес консалтинг қызметі көрсетілді, оның нәти­жесінде 1024 адам оқытылды және 251 атаулы консультациялық көмек көрсетілді. “Ауыл шаруашылығын қаржы­лай қолдау қоры” АҚ республи­каның ауыл тұрғындарына шағын несиелендіру қызметін көрсететін және ауылдық аймақтарының 100% географиялық қамтуын қамтамасыз ететін 11 филиал мен 3 өкілдіктен тұратын дамыған инфрақұрылымы бар ұйым. 2005 жылдан бастап 2010 жылды қоса алғандағы кезеңде қор ауыл тұрғындарына 63 мыңнан астам шағын несие берген. Дү­ние­жүзілік банк жүргізген зерттеулер нәтижесінде қор қарыз алушылар саны бойынша Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері арасын­дағы 10 ірі банктік емес ұйымдар құрамына енді. 2010 жылы қор Mіc­rofіnanza Ratіng халықаралық рейтинг агенттігінің “ВВ+” әлеу­мет­тік рейтингіне қол жеткізді, бұл қор өз акционері – “ҚазАгро” Ұлт­тық басқарушы холдингі” АҚ қойылған әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізе алатынын білдіреді. “Табиғи орта” бағдарламасы бойынша шағын несиелендіру ҚР Үкіметінің ауыл тұрғындарының шағын қаржыландыруға қол жет­кізу бастамасын белгілі дәрежеде толық­тырады, кәсіпкерлік саласын­­­дағы бі­лімін арттырады және де ең маңыз­дысы, ЕҚТА маңындағы жергілікті халықтың табиғатты қор­ғау сала­сындағы сауаттылығын арттырады. Сәбит ТИМУРОВ.