21 Тамыз, 2010

Жаңа мешіт ашылды

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақсы ауданындағы “ТНК” агрофирмасының басшысы, белгілі кәсіпкер Батыр Уәлиев өңірдегі әлеуметтік серпіліске елеулі үлес қосып жүрген азамат. Оның бас­тамасымен ауылда заманауи спорт мектебі ашылып, саламатты өмір салты қалыптасып келеді. Басқасын айтпағанның өзінде, мұнда әлем және Азия чемпиондары тәрбие­леніп шыққанының өзі баршамызға мерей. Жергілікті кәсіпкер өткен жұма күні жұртшылықты 800 адамға лайықталған жаңа мешіттің ашылу салтанатына шақырды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Қа­дырхан Отаров қатысып, жамағатты Рамазан айының шарапатты күні­мен құттықтады. Күмбезді мешітте Қазақстан мұсылмандары діни бас­қармасының өкілі, Науан хазірет атындағы Көкшетау мешітінің бас имамы Қанат Қыдырмин және аудан имамы Болат Тұрғанұлы уа­ғыз айтып, біздің елде де мұсыл­мандық жол адамдардың күнделікті тіршілік үрдісіне айналатынына сенім білдірді. Елді имандылыққа тәрбиелеудің бір ошағы саналатын мешіттің іші жамағатқа толы болуына тілектестік білдірген Батыр Уәлиев аудан има­мына жаңа “Ваз-2107” автокө­лі­гінің кілтін тапсырды. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.