21 Тамыз, 2010

“Мейірім” орталығының қамқорлығы

557 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Облыста алғаш рет ядролық магниттік-резонанстық томограф аппараты жұмыс істей бастады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мем­лекет саясатында халыққа ме­дициналық қызмет көрсету мәсе­ле­сіне басым орын бөлінетінін, ана­лар мен балалардың денсау­лы­ғын сақтау алдыңғы кезекті міндет бо­лып табылатынын үнемі еске са­лып, тиянақты тапсырмалар беріп келеді. Бұл тапсырма ұйымшылдық пен іскерліктің арқасында жер-жерде жедел жүзеге асуда. Мы­са­лы, жақында ғана облыста тұңғыш рет ядролық магниттік-резонанс­тық томограф аппараты іске қо­сыл­ды. Ол аз ғана уақыт ішінде 566 адамды тексеруден өткізді. Бұл қызметке облыстық бюджеттен 8 млн. 300 мың теңге бөлініпті. Облыс тұрғындарының денсау­лы­ғы үшін әлеу­меттік маңызы зор ап­паратты әлемге әйгілі “Филипс” компаниясы шығарған. Мұндай ап­парат аурудың диагности­касын қою сапасын арт­тырады, мың­да­ған сырқат­тардың дертін дер ке­зінде дұрыс қоюға жағдай жа­сай­ды және дәрігерлердің ауру түрлерін сапалы емдеуіне жол ашады. Сондай-ақ, ядролық маг­ниттік-резонанстық томографқа қол жет­кізу облыс халқының бұдан былай Алматы, Шымкент қалалары мен көрші қырғыз елінің астанасы Біш­кек шаһарына еріксіз сапар шегіп, әрі-бері жол жүру тау­қы­метінен құтқаратын болады. – Магниттік-резонанстық аппа­ратымен халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген топтарының, яғни бірінші кезекте мүге­дектердің, зейнеткерлердің, жүкті әйелдердің, 18 жасқа дейінгі балалардың сырқаты тегін анық­та­лады. Бұл  үшін облыстық бюджет­тен 60 миллион теңге қаржы бө­лін­ді. Сондай-ақ, бұл томогра­фиялық ап­паратта тексерілу олар­дан басқа да кез келген адамға қолжетімді бо­лады, – деді “Мейірім” ме­ди­циналық орталығына орнатыл­ған ядролық магниттік-резонанс­тық томограф аппаратының тұсау­ке­сер рәсіміне келіп, дәрігерлер мен сырқаттардың қуанышын бөліскен облыс әкімі Қанат Бозымбаев. Облыс орталығына орналасқан “Мейірім” орталығы 11 жылдан бері облыс тұрғындарына сапалы дәрі­герлік қызмет көрсетіп келеді. Орта­лық ең соңғы инновациялық техно­логияларға сай медициналық ап­парат­тармен жарақталған. Бұл емдеу орталығында бір жылда 3000 адам  емделіп, денсаулығын түзеп шыға­ды. Емханаға 30 мыңнан астам тұрғын тір­келген. Орталықта 250 адам жұ­мыс істесе, олардың 100-і өз маман­дығын жетік меңгерген білікті дәрігерлер. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.  Жамбыл облысы.