21 Тамыз, 2010

Өңірлік БАҚ-ты дамыту мақсатында

465 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев өңірлік электрондық БАҚ басшыларымен көшпелі мәжіліс өткізді. Өзінің кіріспе сөзінде ми­нистр мәжілістің маңызды­лы­ғын атап өтті. “Мен әлде­не­ше рет отан­дық медиаке­ңіс­тік пробле­ма­лары мен перспективаларын тал­қы­лау үшін республикалық БАҚ бас­шыларымен кездестім. Бүгін біз өңірлік БАҚ-пен кездесуді шеш­тік, себебі олар­дың маңызды­лы­ғын түсі­неміз”. Сонымен қатар, Бай­ла­ныс және ақпарат министр­лігінің басшы­сы осы кезде­судің арқасында ми­нистрлік өңірлік БАҚ-ты дамытуға ке­дергі болатын проблемаларды анықтауға ниетті. Кездесу барысында ми­нистр бірқатар өзекті мәсе­лелерге назар аударды. Бәрі­нен бұрын ол өңірлік хабар таратушыларға жалпы бағ­дар­ламалау және контент дең­гейі­­нің сапасына назар аудару қажет еке­нін аңғартты. Өңір­лік телеар­налардың хабар та­рату торларында меншікті өндіріс бағдарлама­лары­ның қатысқанына оң баға берді, сонымен қатар хабар тарату­шы­лар тіл теңгерімі туралы ұмытпауы тиіс екенін, себебі осы мәселе ми­нистр­лікте ерекше бақылауда тұр­ғанын атап өтті. Республикалық теле­арналар енді өзінің эфи­рінде тілдер туралы заңнама­ны бұзушы­лық­ты түзетуге тиісті нұсқама алғанын еске салды. Байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Оразов қатысу­шыларға “Телерадио таратылымы туралы” заң жо­басымен жұмыс­тың нәтиже­лері туралы, сондай-ақ оның осы сала үшін тікелей ма­ңыздылығы туралы хабарлап, телерадио таратылымын да­мыту тақырыбын жалғас­тырды. Вице-министр заң жобасы көптеген мә­селе­лерді, мысалға, цифрлық та­раты­лымға көшуге қатысты, со­нымен қатар саланы да­мыту үшін аса маңызды бас­қа мә­селелерді реттейтіндігін атап өтті. Нұрай Оразовтың пікірі бойынша, осы өңір­лермен кездесу өңірлік БАҚ-ты да­мыту үшін маңызды құжатқа өңірлерден то­лықтыру ен­гізуге мүмкіндік береді. Кездесу барысында өңір­лік хабар таратушылар ми­нистрге сауалдар қойды. Се­бебі, мұндай мә­жіліс Қа­зақстан телевизиясы­ның тарихында алғашқы рет өтті, онда көп нәрселер туралы айтуға мүмкіндік туды. Мы­салы, өңірлік телеарналардың цифрлық хабар таратылуына көшу үдерісі қатты алаң­дататыны анықталды. Ми­нистр, ЦТВ-ге көшкен кезде бәсе­келестікке қабілеттіліктің негізгі факторы контенттің таратылатын телеарналардың сапасы мен ма­ңыздылығы болатынын түсіндірді. “Қазақстан-Қарағанды” РТРК АҚ” филиалының директоры Бе­рік Дүйсетаев, “Fіrst Medіa Group” өңірлік телекомпаниялар тобының бас директоры Б. Әлібеков өңірлік телевизиялық және радиохабар таратуды дамы­тудың өзекті мәсе­ле­лері туралы әңгімеледі. Өңірлік БАҚ-ты дамы­тудың проб­лемалары мен перспектива­ларын талқылай келе, кездесудің барлық қатысушылары Меморан­думға қол қойды, оның негізгі идея­сы – жастарды рухани адам­гершілікке және әлеу­меттік жауапкершілікке тәрбиелеу. Кездесудің соңында қаты­су­шы­лар өңірлерге министр­лік тарапынан назар ауда­рыл­ғанына ризашылығын білді­ріп жұмыстың өнімді әдіс­темелерін пайдаланғаны үшін Асқар Жұмағалиевке алғыс айтты. Өз кезегінде министр осындай мәжілістер дәстүрге айналатынына сенім білдірді.