БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Фитосанитариялық, ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздік, асыл тұқымды мал шаруашылығы, астық, мақта нарығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қантардағы Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау өлшемдері; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау өлшемдері; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес астық, мақта нарығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (С.И.Сүлейменов) қамтамасыз етсін: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен соң ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Е.И. Аманға жүктелсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қантарына дейін қолданылады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Күрішбаев Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және Сауда министрі Ж.Айтжанова ТОЛЫҚ МӘТІН Бірлескен бұйрық219-25-21.08.2010Азаматтардың мүддесі ескеріледі
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40
Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл күшейе түсті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:33
Жетісудағы тұңғыш иппотерапия орталығы
Аймақтар • Бүгін, 09:30
Жауапкершілікке тарту үдерісін жеделдету маңызды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:28
Күнкөріс деңгейі қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 09:25
Инфляция • Бүгін, 09:23