Құрметті азаматтар, елорданың тұрғындары мен меймандары!
Біздің қаламыздың әр ауданында нашақорлық пен есірткі бизнесінің өсе түсу проблемасы бар. Бұл елорда тұрғындарының денсаулығы мен бүтіндей алғанда ұлттық қауіпсіздікке үлкен қатер. Құзырлы және басқа да органдар елорданы оның аумағына есірткі заттарының еніп кетуінен қорғауға бағытталған белсенді оперативті-іздестіру шараларын жүргізуде.
Осыған байланысты Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасында 71-21-75, 71-22-66 нөмірлі тұрақты сенім телефондары жұмыс істейді.
Сонымен бірге сіздерге есірткі құралдары мен психотропты заттарды өткізу, сатып алу және сақтаудың қандай да бір фактілері, сол сияқты құқық қорғау және өзге де органдардың заңды бұрмалағандығы, болмаса басқалай бір заң бұзушылықтар мен қылмыстар туралы белгілі болған жағдайда сіздердің жоғарыда көрсетілген сенім телефондары арқылы, сондай-ақ Сейфуллин көшесі, 37-үй мекен-жайында орналасқан аудандық прокуратураға хабарласуларыңызға болатындығын да айта кетпекпіз.