21 Тамыз, 2010

ЕҚЫҰ: Күн тәртібінде саммит

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20 тамызда ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Литва Республи­касының Сыртқы істер министрі Аудронюс Аджубалиспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Екі елдің сыртқы саяси меке­мелерінің басшылары желтоқсан айында Астанада жоспарланған ЕҚЫҰ Саммитінің күн тәртібін ойластыру мәселесін және Астана мен Вильнюс арасындағы ЕҚЫҰ-ның “үштік” шеңберіндегі ынты­мақтастық барысын талқылады. Ұйымның кең ауқымды кеңіс­ті­гіндегі қауіпсіздік пен ынты­мақ­тастығын және ұйым тарихының жаңа бетін ашуға бағытталған Саммиттің дайынды­ғын егжей-тег­жейлі қарастыру маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Қ.Саудабаев пен А.Аджубалис Қазақстан-Литва екіжақты қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен болашағы жөнінде пікір алмасты.