24 Тамыз, 2010

Көктемгі егін жұмыстарын (КЕЖ) несиелендіру

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ауыл шаруашылығында мол астыққа қол жеткізу өз уақытында өткізілген көктемгі егіс жұмыстарына байланысты. Өткен жылдары осы жұмыстарды қолдау “ҚазАгро” Ұлттық басқарушы холдингі” АҚ еншілес ұйымдары “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ және “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” АҚ көмегімен өткізілетін. Ағымдағы жылы “ҚазАгро” Ұлттық басқарушы холдингі” АҚ еншілес ұйымы “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ алғашқы рет көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға қатысты, осыған орай агроөнеркәсіп кешенінің шағын субъектілерін жалпы сомасы 500,0 млн. теңгеге несиелендіру жөніндегі “Егінжай” қанатқақты бағдарламасын іске асыра бастады. Қарыз 2 жылға дейінгі мерзімге жылдық 12% сыйақы ставкасымен берілді. Несие сомасы – 1 қарыз алушыға 3 млн. теңгеден аспайды. Қарыз мынадай дәнді дақылдар егуге берілді: бидай, арпа, бұршақ дәнділер, жүгері, күріш, күнбағыс, май дақылдары, қант қызылшасы, картоп, көкөніс-бақшалық дақылдар, жем-шөптік дақылдар. Осы бағдарлама бойынша Қорға 297 өтінім келіп түсті, оның ішінде жал­пы сомасы 499,8 млн. теңгеге 234 өтінім мақұлданып, қаржылан­дырылды. Осы бағдарламаны енгізудің басты себебі, ол бүгінгі күні агроөнеркәсіп кешенінің шағын субъектілері қаржы институттарының, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің назарынан тыс қалып қоюымен және егіс науқанында несие алу мүмкіншілігінің жоқтығымен түсіндіріледі. Республикамыздың батыс өңірлерінде болып жатқан төтенше ауа райы құбылысына байланысты Қор Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыс­тарының зардап шеккен клиенттеріне 125,4 млн. теңге сомасына берілген қарыз мерзімін ұзартуда. Сабир ТИМУРОВ.