* * *
ҰҚК ҰЖЫМЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұртай Әбіқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Кеше Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин ҰҚК ұжымына жаңа басшыны таныстырды. – Сіздердің баршаларыңыз оны білесіздер, сіздер ұзақ жылдар бойы бірге қызмет атқардыңыздар. Елбасы қойған барлық қызметтерде Нұртай Әбіқайұлы жоғары сенімді ақтай білді. Мемлекет басшысы оның бұл қызметтің де үдесінен шығарына және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алдына қойылған барлық міндеттерді толық орындайтынына сенім білдіреді, – деді А.Мусин. Сонымен қатар, Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділ Шаяхметовке Президенттің алғысын жеткізді. Хроника Мемлекет басшысының Жарлығымен Әділ Шаяхметұлы Шаяхметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. * * * Мемлекет басшысының Өкімімен Нұртай Әбіқаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Олимпиада • Бүгін, 03:06
Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше