Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қаржы-экономикалық мәселелер бойынша жұмыс бабындағы кеңес өткізді.
Сол сияқты Үкімет басшысы үлестік құрылыстың проблемалы мәселелерін шешу жөніндегі бірегей үйлестіру кеңесінің отырысын өткізіп, онда адал емес құрылыс жүргізушілердің активтерін олардың іс-әрекетінен үлескерлерге келген зияндардың орнын толтыру үшін кері қайтару мәселелері талқыланды.
Осы күні түстен кейін Кәрім Мәсімов құқық қорғау органдарында реформа жүргізу және Қазақстанда ғарыш саласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс бабындағы кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.