Жаңа оқу жылы қарсаңында жер-жерде мектепке дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Мұндай дайындық науқанынан “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы да сырт қалмады. Кеше партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен өткен шарада балаларға мектептік құрал-жабдықтар үлестіріліп берілді.
Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қоғам назарын аудару мақсатында партия еліміздің барлық аймақтарында “Балаларды мектепке жинайық!” атты қайырымдылық акциясын өткізуде. Осыған орай мыңдаған азаматтар акцияға қолдау көрсетіп, шара аясында тұрмысы төмен және көп балалы отбасы балаларына өз сый-сияпаттарын жасауда. Партияның Орталық аппараты алдында өткен іс-шара да соның бір көрінісі болды. Осында жиналған 200 бала ауа райының салқындығына қарамастан, өздеріне тиесілі сый-сияпатты тағатсыздана күтті.
Ата-аналар мен балалар алдына шыққан “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин сөз сөйледі: “Елбасымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саясатының арқасында Қазақстанда жаңа мектептер құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуде. Осындай шаралар сіздердің болашақтарыңыз үшін жасалуда”, – деді ол. Жиналғандарды алдағы білім мерекесімен құттықтаған Н.Нығматулин сөзін әрі қарай сабақтай келіп, былай деді: “Әрине, мектепке дайындалу деген де оңай шаруа емес, сол үлкен жұмысты жеңілдетуге үлес қосу үшін бүгін өздеріңізді шақырып отырмыз. Жаңа оқу жылының сіздер үшін табысты болатынына сенеміз, баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт тілейміз!”.
Шынында да, жаңа оқу жылы қарсаңында қолға алынған осындай игі шаралар балалар көңіліне демеу, ата-аналарына көмек болары айтпаса да түсінікті. Олай болса, “Нұр Отанның” бұл игі бастамасы өзгелерге де қозғау салуы тиіс. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция тамыз айының соңына дейін жалғасатын болады.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Олимпиада • Бүгін, 03:06
Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды
Есірткі • Кеше
Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Кеше
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Кеше
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Кеше
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Кеше