25 Тамыз, 2010

Бағдарлама кәсіпкерлікті дамытуға қызмет етеді

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“Даму” кәсіпкерлікті қолдау қоры аудандардағы, ауылдардағы шағын және орта бизнес субъектілеріне бухгалтерлік қызметті жүргізу және кеңес беру мақсатын­да осындай жаңа бағдарлама ұсынып отыр. Шыны керек, шағын және орта бизнес субъектілері, соның ішінде, ауылдық жер­лер­дегі кәсіпкерлердің басым бөлігі бухгал­терлік есепті мүлде жүргізбейді десе де бола­ды. Себебі, олардың жұмысқа маман есепші алатындай мүмкіндігі жоқ, ауылдық жерде жоғары дәрежелі есепші табу да оңай емес. Сондықтан олардың арасында салық көле­мін дұрыс есептей алмаушылық, салық есе­бін уақтылы тапсырмау­шылық және оның режімін дұрыс таңдай алмаушылық та жиі кездеседі. Осыны ескерген “Даму” кәсіп­керлікті қолдау қоры осы бағдарламаны ұсыну арқы­лы ауылдық жерлердегі кәсіпкер­лердің қаржы, бухгалтерлік есеп және салық мәселелері бойынша білікті маман­дардан көмек алуына жағдай туғызбақшы. Жаңа бағдарлама бастапқыда Әйтеке би және Мәртөк аудандарында жүзеге асы­рылады. Қазір осы екі ауданда кәсіпкер­лерге қызмет көрсету және кеңес беру орта­­л­ықтары жұмыс істейді. Мұндай бола­шағы баянды бағдарламаның опе­раторы – бухгалтерлік қызмет сала­сында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан “Есеп” қоғамдық бірлестігі. Орта­лық­тар әзірге ақысыз қызмет көрсетеді, болашақта ол ақылы болуы мүмкін. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.