28 Тамыз, 2010

Тәуелсіздіктің алтын діңгегі

861 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
1991 жылы 16 желтоқсанда елдігі­мізді, мемлекеттігімізді бүкіл әлемге паш еткен тәуелсіздігіміз республика өміріне елеулі өзгерістер енгізді. Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз арман­да­ған егемен­дікке қол жетіп, Қазақ­стан­ның тәуел­сіздігін бүкіл әлем жұрт­шы­лығы мой­ын­дады. Кеңестік жүйенің темір құрсауы­нан босанып, демокра­тиялық даму жолына түстік. Өркениет талапта­рына сай зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің іргета­сын көтеруге барша халық бір кісідей ат­салысты. Нәтиже­сінде еліміздегі іш­кі-сыртқы саясаты­мыз, Қазақстан азаматтығы, Мемле­кеттік рәміздер, Әнұ­ранның жаңа мәтіні бекітілді. Елі­міз БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. Арада 17 жыл өткенде ТМД елдері ара­­сында бірінші болып ЕҚЫҰ төра­ғасы мәртебесін иеленіп, еуратлан­тикалық және еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығай­туға белсенді үлес қосып келеді. Ла­тын тілінен аударғанда “құры­лыс” деген ұғымды білдіріп, мемлекет құрудың, ел болудың тетігі деген түсінік қалыптастыратын Конституция сөзі қазақ халқы үшін жат сөз емес. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен елдігімізді сақтап қалған Қа­сым хан­ның қасқа жолы, Есім ханның ескі жо­лы, Тәуке ханның Жеті жар­ғысында да дала билігін даналықпен ұштастырған конституциялық идеялар нақты көрініс тапқан. Адамгершілік, имандылық, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болу, тілімізді, ділімізді, мә­дениетімізді, ха­лықтық дәстүрлерді көзіміздің қара­шығындай сақтау қа­ғидатын санасына ананың ақ сүтімен бірге дарытқан ата-бабаларымыз жеті­мін жылатпаған, жесірін далаға тас­тамаған. Тоқсан рулы елді толқытқан соғыс, бейбітшілік, барымта, құн, же­тім, жесір дауларын тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінімен түйіндеп, екі жақты да разы қылып отырған. Баталы билердің аталы сөзіне хан да, қара да тоқтаған. Қазақтың атақты Төле, Қазыбек, Әйтеке билері Шыңғыс ханның зама­нында қалыптасқан “Елге тек сұлтан, төрелер билік жүргізу керек” деген саясатын шектеп, ендігі жерде ел бас­қаруға оқыған, дана адамдардың арала­су­ын қолдайды. Хан сайлауында ала­уыз­дыққа кең жол ашатын жүзге бөлінуге түп тамырымен қарсы шыға­ды. Төле би “Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін” деп аттандаса, Қазыбек би “Біз үш жүз қазақ керіспейік, асылы бізге керіскен жөн емес” деп пәтуаға шақы­рады. Әйтеке би “Егер де үш жүз­дің билікке таласуы тоқтамайтын болса, қазақ елі күйреуге ұшырап, бас­қа халық­тың езгісіне түсіп, жуан­дар­дың жұ­дырығына жем болады” деп дабыл қағады. Сол бір аумалы-төкпелі заманда Ресей империясының қанатының асты­нан пана іздеуге мәжбүр болып, айна­лып келгенде хандық мемлекет­тігін жой­ып алған Қазақстанның құ­қық­тық жүйе­сі одан кейінгі жылдары түп-тамырымен өзгерді десек еш қа­телеспейміз. Патша билігін құлатқан Қазан төңкерісінен кейін кеңестер құ­рамындағы алғашқы конституциямыз 1924 жылы қабылданса, одан кейінгі конституциялар 1937 және 1978 жыл­дары күшіне енді. Тәуелсіздік алғаннан кейін араға екі жыл салып, яғни 1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Алайда кешегі кеңестік жүйенің тонын қайта айналдырып тіккен Ата Заңымыз өр­ке­ниет көшіне ілесе алмады. Ел аза­маттарының құқықтары мен билігін жүзеге асыру нысандарының жұмы­сын реттеу нақтыланбады. Сол себеп­тен, уақыт талабына толықтай жауап бере алатын Ата Заң қажеттігі күн тәртібіне өткір қойыла бастады. Осы­ның бәрі ескеріле келе бүкілхалықтық референ­дум арқылы 1995 жылы 30 тамызда қазіргі қолданыстағы Конс­титуция қабылданды. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен, барша қазақстандықтардың ортақ мүддесін көздей қабылданған Ата Заңымызда “Бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму” мәсе­лесі күн тәртібінде бірінші кезекке қой­ылған. Жалпы ережелер деп ата­ла­тын 1-бөлімде Қазақстан Респуб­ликасының стратегия­лық бағыты –демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуетті мемлекет құру деп атап көрсетілген. Сонымен бірге, Ата За­ңы­мыздағы конституциялық өзге­ріс­терге сәйкес, мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып үш тармаққа бөлінді. Пре­зи­денттік-парламенттік басқару жүйесі енгізіліп, Елбасы ұсынысымен Пре­зидент құзырындағы өкілеттіктердің жетекші бөлігі Парламентке берілді. Кең байтақ республикамызды мекен­деп отырған сан-алуан ұлттар мен ұлыстар­дың бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруіне даңғыл жол аш­ып отырған Қазақстан халқы Ассам­блеясының құзыреті кеңейтіліп, өз тараптарынан депутаттар сайлау мәртебесін иеленді. Егеменді еліміздің экономикалық тығырықтан шығуын жеделдетіп, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағ­дайларын анағұрлым жақсартуға тың серпін берген жаңа тұрпаттағы Ата Заңымыз сот жүйесіне де соны леп әкелді. Атап айтқанда, сот кадрларын іріктеу Жоғарғы Сот Кеңесіне, тұт­қын­дауға санкция беру проку­ра­турадан алынып соттарға берілді. Өлім жазасына мораторий енгізілді. Соттар мен судья­лардың мәртебесі көтеріліп, әлеуметтік қорғалуының құқықтық ке­­пілдіктері нығая түсті. Жас жет­кін­шектер ісімен айналысатын юве­нал­дық сот, мамандан­ды­рылған, әкім­ші­­л­ік соттар жұмыс жа­сауға кірісті. “Қазақстан Республика­сының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Конституциялық заң­ға, Қа­зақстан Республикасының Қыл­мыс­тық іс жүргізу кодексіне, “Атқару­шы­лық іс жүргізу және сот орындау­шы­ларының мәртебесі туралы” Заңға тиісті түзетулер мен өзгерістер ен­гі­зілді. Алқа билер институты құрылды. “Сот жүйе­сінің 2009-2011 жылдарға арналған стра­тегиялық жоспары” бе­кітіліп, “Жоғары Сот Кеңесі туралы” Заң, “Аралық соттар туралы”, “Ха­лық­­аралық коммерциялық төрелік соттар туралы” заңдар мен басқа да маңызды нормативтік қаулылар сот беделін көтеріп, түрлі дауларды ше­шудің баламалы әдісін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Ата Заңымыздың 75-бабында “Қа­зақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады” делінсе, 77-бабында “Судья сот төрелігін жү­зеге асыру кезінде тәуелсіз, ол Конс­титуция мен заңға ғана бағынады” деп атап көрсетілген. Осының өзінен судья­лардың мәртебесінің қаншалықты биік екендігін және жауапкершілігінің қаншалықты жоғары екендігін айқын аңғаруға болады. Өркениет талабына сай Конституция­мыздың қабылдануы нәтижесінде экономиканың, қоғам­дық-саяси өмірі­міздің барлық сала­сын­да ілгерілеуге қол жеткізілді. Рес­публика халқы Елбасының сара сая­сатын қызу қолдап, демокра­тиялық ре­формалардың жүзеге асуына бел­сенді араласты. Уақыт үрдісіне сәйкес мұнан кейін де екі рет – 1998 және 2007 жылдары Конституцияға қосым­ша толықтырулар енгізілді. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы судьяларының V сье­зін­де сөйлеген сөзінде “Соттарда мың­да­ған адамдардың тағдыры, өзара дау­л­а­ры шешілетінін, олардың құқық­та­ры мен бостандықтарының қорға­ла­тыны бар­шамызға мәлім. Соттар қыз­метінің тиімділігі, жедел және толық орындалуы кез келген мемлекеттің демократиялық дамуының негізі болып табылады. Соттардың шешім­деріне қарап қоғамның мемлекетке деген көзқарасы қалып­тасады, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және аза­маттардың мүдделерін қорғау қабілеті бағаланады” деп атап көрсетті. Еліміз егемендік алған күннен бастап Қазақ­стан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті Н.Назарбаев соттардың мәр­тебесін жоғарылатып, беделін көте­ру­ге, материалдық-техникалық базасын ұдайы жаңартып, судьялар мен сот қыз­меткерлерінің әлеуметтік-тұрмыс­тық жағдайларын жақсарту мәселесін күн тәртібінен бір сәтке де түсірген ем­ес. Соның бір айқын айғағы рес­пуб­­лика соттары арасында тұңғыш рет Атырау облыстық сотының жаңа ғимаратының салынып, пайдалануға берілуі. Оның ашылу салтанатына Нұрсұлтан Әбіш­ұлының өзі қатысып, сот ардагерлері, судьялармен және сот қызметкерлерімен кездесу барысында сот беделі мемлекет беделі екендігін қадап айтты. Егеменді еліміздің әрбір азаматы ел Консти­туциясының қағи­даттарын басшылыққа алуларына, судьялардың сот төрелігін жүзеге асырған кезде тек қана заңға бағыну ке­ректігіне ерекше тоқталды. “Мы­нан­дай замана талабына сай салынған әділ сот сарайында жағымсыз қылық­тар­ға жол бермеңіздер”, деген ізгі тілегін білдірді. Биыл тәуелсіз еліміздің Консти­туциясының қабылданғанына 15 жыл толып отыр. Осы кезеңде еліміздің экономикасын шыңыраудан шыңға көтеріп, тіліміздің, дініміз бен ділі­міз­дің, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркендеуіне кең жол ашып берген, барша қазақстандықтарды ортақ мақсат жолына жұмылдыра білген Елбасымыз Н.Назарбаевтың ерен еңбегін бүкіл әлем жұртшылығы мойындауда. Тәуелсіз Қа­зақстанның осынау аз ғана уақыт ішінде ғасырлар жүгін көтерген мол жетіс­тік­тері Тұңғыш Президентіміз Нұр­сұлтан Әбішұлының елімізде консти­ту­циялық заңдылықтарды орнықтырудағы ай­рық­ша еңбегінің, көреген, данагөй сая­са­тының арқасында жүзеге асыры­луда десек, еш қателеспейміз. Жақсылық АЛАНОВ, Атырау облыстық сотының төрағасы.