Жастықтың жұлынқұрты
Ішкі істер министрлігі тарапынан мүдделі мемлекеттік және жергілікті аумақтық органдармен бірлесе отырып, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы стратегияның екінші кезеңін – 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру бойынша елеулі жұмыстар атқарылды. Яғни, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында бағдарламаның 55 іс-шарасы іске асырылып, көзделген кестелік жүйенің орындалуы қамтамасыз етілді. Министрліктің есірткіге қарсы күрес комитеті мен оның аумақтық бөліністері еліміздегі білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, “мектеп инспекторларының” өзара іс-қимыл бірлігі негізінде балалар мен жастарға арналған 5200 әртүрлі алдын алу іс-шараларын өткізді. Атап айтқанда, 295 акция, 3419 дәріс пен кездесу, 299 дөңгелек үстел мәжілісі өтіп, 380 спорт жарыстары мен турнирлерге 246,5 мың адам қамтылды. Астана, Алматы қалаларында, барлық облыс орталықтарында комитеттің бастамасы бойынша Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған акциялар ұйымдастырылды. Осы акцияның шеңберінде, комитет бастамасымен мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл іс-шаралардың барлығы да халықтың есірткіге қарсы көңіл ауанын қалыптастыруға бағытталды. Ағымдағы жылы Павлодар, Астана, Алматы қалаларының 161 орта білім беру оқу орнында оқушылардың, мамандардың қатысуымен есірткіге қарсы компьютерлік бағдарламаны сынау және енгізу ұйымдастырылды. Осы шара барысында психологтар, әлеуметтік педагогтар үшін “Балалар мен жасөспірімдердің психикалық белсенді заттарға тәуелділігі тәуекелдерінің қалыптасуы мен дамуын ерте анықтау тәсілдері” тақырыбы бойынша үш күндік семинар-тренингтер өткізілді. Сыннан сүрінбеген 161 маманға арнайы сертификаттар тапсырылды. Сондай-ақ, Қарағанды, Павлодар және Тараз қалаларының мектептерінде компьютерлік бағдарламаны тиімді пайдаланудың мониторинг жүйесі әзірленіп, жұмыс ауқымын алдын ала бағалау өткізілді. Жыл ішінде жалпы білім беретін 5020 мектепте есірткі бекеттері, 211 сенім телефоны, 162 балалар қоғамдық қабылдаулары құрылып, олардың күшімен оқушыларға психологиялық көмек көрсетілуде. Статистикалық деректер бойынша 51 366 есірткі құралдарын, психотроптық және уытты заттарды тұтынушы 51366 адам тіркелген. Көрсеткіш былтырғы жылғыдан 8,6 пайызға төмендеген. Есепте тұрған әйелдер мен кәмелетке толмағандар қатарының тұрақты кему үрдісі сақталуда. Сондай-ақ, соңғы жылдары “нашақор” және “уытқұмар” диагнозымен есепте тұрған кәмелетке толмағандар санының қысқаруы байқалуда. Министрліктің негізгі күштері есірткіні өткізу фактілерінің жолын кесуге, есірткі трафигінің арналарын жабуға және есірткінің ірі партияларын жоюға жұмылдырылған. Жылдың алты айында құқық қорғау органдары 5079 есірткі қылмысын анықтады, оның 4817-сі ішкі істер органдарының үлесінде. Министрліктің есірткіге қарсы күрес бөлімдері 3 ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады, олардың 10-ны есірткі қылмысын жасағаны дәлелденіп отыр. Оған қоса, ел аумағына есірткі контрабандасына байланысты 52 қылмыстық әрекет тіркелген. Ішкі істер органдарының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімдері өткен жылы есірткі трафигінің 62 арнасын жойды, нәтижесінде 175 килоға жуық есірткі, оның ішінде 9,5 кило героин алынды. Есірткі трафигі арналарының жолын кесу мақсатында “бақылаудағы жеткізілім әдісі бойынша” 11 операция, оның ішінде 3-і ресейлік әріптестермен бірлесіп өткізілді. Осының нәтижесінде 155 кило есірткі жойылды. Есірткі қылмысын жасағаны үшін 3331 адам ұсталғаны алаңдатады. Соған қарамастан, жыл ішінде есірткі қылмысына қатысты әйелдер санының 10 пайызға, кәмелетке толмағандар санының 76,2 пайызға азаюына байланысты оң үрдіс сақталды. Есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында халықаралық ынтымақтастық байланыстар кеңейтілгенін атап өту қажет. Ағымдағы жылғы 17 мамырда есірткі құралдарының заңсыз айналымына және олардың теріс пайдалануына қарсы күресте ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі және Ауғанстан Ислам Республикасы Үкіметінің арасында келісімге қол қойылды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы ауқымында Ауғанстан бойынша арнайы конференцияларға белсенді қатысу жүзеге асты. Бұл орайда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен Ауғанстанның терроризмге, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес проблемалары бойынша маңызды құжаттар қабылданды. Сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымға мүше мемлекеттердің жедел-іздестіру қызметі саласындағы ынтымақтастық, ақпараттар алмасу және кадрларды дайындау жөніндегі үш отырысына қатыстық. Онда кадрларды даярлау және қайта даярлау, Бірлескен деректер банкінің жұмысын жетілдіру, жедел өзара іс-әрекеттер ықпалын арттыруды көздейтін іс-шаралар белгіленді. Елімізде БҰҰ-ның Есірткі және есірткі қылмыстары жөніндегі басқармасымен бірлесіп, елдің құқық қорғау органдарының есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша қызметін жетілдіруге, оларды материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылуда. Осы орайда “Астана – есірткісіз қала” өңірлік бағдарламасының табысты атқарылып жатқанына назар салғымыз келеді. Есірткіге қарсы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында БАҚ-пен тығыз байланыс орнатылды. Медиа-жоспар бойынша 26 баспасөз мәслихаты мен брифинг өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 426 материал, оның ішінде 145 телесюжет жарияланды. Жалпы, біздің күнделікті қызметімізде Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын, “Астана – есірткісіз қала” бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар басым бағыттар болып қала бермек. Марат БОРАНБАЕВ, Ішкі істер министрлігінің басқарма бастығы, полиция полковнигі.Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионы атанды
Бокс • Бүгін, 16:40
Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының сегізінші алтынын нокаутпен жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 16:20
Азия чемпионаты: Ерлер арасында ел қоржынына екінші алтын түсті
Спорт • Бүгін, 16:00
Түркістан облысының қорғаныс департаменті басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:50
Өскеменге жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:33
Азия Чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов қоржынға күміс жүлде салды
Бокс • Бүгін, 15:05