Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев Қазнетті дамыту жөнінде кеңес өткізді. Оған Байланыс және ақпарат министрлігінің, “Қазконтент” АҚ-тың өкілдері және “Қазақстан Интернет ассоциациясы” ЗТБ мүшелері қатысты. Кездесу барысында Қазақстанда хостингті, пирингтік қатынастарды, электрондық коммерцияны дамыту жағдайын жақсартуға қатысты мәселелер талқыланды.
Еске салатын болсақ, хостингті дамыту мәселесі маусымдағы кездесуде көтерілген болатын. Онда “Қазконтент” АҚ “Қазтелеком” АҚ желілеріне жеңілдетілген қолжетімді хостинг-алаңдарын қамтамасыз ету, сондай-ақ “мегалайнерлер” үшін олардың ресурстарын “ішкі” етіп жасауды ұсынған болатын.
Кездесу барысында “Қазтелеком” АҚ коммерциялық директоры Асқар Есеркегенов, “Интернет-трафикпен алмасу орталығы” қауымдастығына кіретін компаниялардың алаңдарында орналасқан абоненттерге әлеуметтік пайдасы бар сайттарға тегін кіруге мүмкіндік беру дайындығын хабарлады.
Баламалы хостинг алаңдары өкілдерінің пікірі бойынша, “Қазақтелеком” ұсынысы – Қазнетті дамыту ісіндегі алға тағы бір қадам. Министр мүдделі тараптарға оның іске асырылуын созбауды және ұсынысты “сынақтан істе өткізу” үшін қанатқақты сайттарды жедел анықтауды тапсырды.
“Қазконтент” АҚ төрағасы Азамат Омаров “Қазақстандық бірыңғай интернет-кеңістік құру” туралы және оған басқа рынок ойыншыларын қосу перспективалары туралы келісімге Алма ТВ, СТС және Базис-телеком компаниялары ағымдағы жылдың 16 тамызында қол қойғаны туралы хабарлады.
Мәжілістің аясында Асқар Жұмағалиев “е-коммерцияны дамыту, қазақстандық экономиканы реформалаудың, әлемдік экономикаға ықпалдастырудың және бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қуатты және тиімді құралдарының бірі болуы мүмкін”, деді.
“AWARD.kz ұлттық интернет-сыйлық” қоғамдық қорының директоры Константин Горжанкиннің сөзінше, “Интернет-пайдаланушылар үшін электрондық коммерцияны дамыту – бұл бәрінен бұрын жаһандық таңдау, ұсыныстарды жылдам салыстырудың мүмкіншілігі, операцияларды жүзеге асырудың және бағаларды төмендетудің қолайлылығы”.
Байланыс және ақпарат министрлігінің басшысы хабарлағандай, бүгінгі күні министрлік осы мәселеге көп көңіл бөлуде. Құрылған “электрондық үкіметтің төлем шлюзінің” арқасында бүгінде портал арқылы азаматтар кейбір қызметтерге тапсырыс беріп, салықтарды төлей алады. Сонымен қатар министр онлайнда төлеуге болатын сервистер мен қызметтердің саны үнемі артатынын атап өтті.
Интернет-дүкендерге қазақстандықтардың сенімін арттыру үшін кездесудің барысында “Сенімді дүкен” қауымдастығын құру туралы ұсыныс айтылды. Қауымдастықтың негізгі рөлі – электрондық коммерция саласына беделді сарапшыларды тарту арқылы барлық қазақстандық Интернет-дүкендерді бағалау.
Асқар Жұмағалиев министрлік отандық интернет-дүкендерге қазақстандықтардың сенімін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екендігін айтып, өз сөзін қорытындылады.