06 Қазан, 2010

Жоба тиімділігі жоғары

659 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық форумынан туындайтын міндеттер жайлы бірер сөз Көлік және коммуникация ми­нис­трлігі 2010 жылы еліміздің әлем­дегі беделді халық­ара­лық инс­титут­тардың бірі – Еуропадағы қауіп­­сіз­дік және ынтымақтастық ұйы­мына төрағалық етуі кезеңінде ар­найы құ­рылған Мем­лекеттік комис­сияның хат­тамасына сәйкес ЕҚЫҰ-ның екін­ші экономикалық-эко­логия­лық өл­шемінің жұмысына жетек­шілік етуде. Мемлекеттік комиссияның құра­мындағы Экономикалық-эко­ло­гиялық жұмыс тобының шеңберінде Көлік және коммуникация минис­тр­лігі бірқатар басқа мемлекеттік орган­дармен және ұйымдармен, атап айтқанда, Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігімен, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетімен және Халық­ара­лық Аралды қорғау қоры­ның атқарушы комитетімен бірге ЕҚЫҰ-ның екінші өлшемінің негізгі іс-шарасы – 18-ші экономи­к­а­лық-эко­логиялық форумның тұжырым­да­ма­лық мазмұнын толтыруға атсалыс­ты. Көлік және коммуникация ми­нис­трлігіне жүктелген міндет­те­рд­ің жоғары маңыздылығын ескеріп, ми­нистрлік ішінде арнайы жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар, жұмыс тобының шеңберінде Қазақ­стан­ның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне байла­ныс­ты міндеттерін жүзеге асыру бойынша Көлік және комму­ни­кация министрлігінің іс-қимылдар жоспары бекітілді. Қазақстандық төрағалық кезе­ңіндегі 18-ші ЭЭФ-тің тақырыбы “Шекараны кесіп өту пункттерінде тиісті басқаруды ілгерілету, жерүсті көлігі қауіпсіздігін арттыру және ЕҚЫҰ өңірінде халықаралық авто­мо­биль және темір жол көлік­терінің қатынасын жеңілдету” ретінде таңдалып алынды. Әлемдік қаржы дағдарысының салдарын еңсеру кезеңінде ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық өлшемі шеңберінде көлік саласы­ның мәселелеріне үлкен көңіл бөлу заңды құбылыс. Көлік және тасымалдар әрқашан мемлекеттер арасындағы өндірістік қарым-қатынастардың материалдық негізінің рөлін атқа­рып, тұтас әлемдік экономикалық кеңіс­тікті ұйымдастырушы фактор болып табылады. Көлік және коммуникация ми­нис­трлігі ЕҚЫҰ Хатшылығымен, Сырт­қы істер министрлігімен және ЕҚЫҰ жа­нындағы Қазақстан Республикасының  Тұрақты өкілдігі­мен бір­лесіп ұйымдастырылған 18-ші ЭЭФ-тің барлық кезеңдеріне қа­тысты. 18-ші ЭЭФ екі бөлімнен құра­лып, әр бөлімнің алдында дайындық конференциялары өткізілді. Атап кететін жәйт, алғашқы дайындық кон­ференциясы 2009 жылғы 12-13 қазанда Еуразияның кіндігінде орналасқан елордамыз Астанада өтті. 2010 жылғы 1-2 ақпанда Австрия аста­на­сы Венада ұйымдас­тырылған 18-ші ЭЭФ-тің бірінші бөліміне төраға-мемлекет ретінде құрамында біздің мем­лекеттік ор­гандар және үкіметтік емес ұйымдардың өкіл­дері бар қазақстандық делегация қатысты. Іс-шараға қатысуға ЕҚЫҰ-ға мүше 56 мем­ле­кеттен, халықаралық және өңірлік ұйым­дар­дан, қаржы инс­ти­тут­тарынан 250-дей делегат келді. Венада автомобиль тасымалдарының қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету және шекараны кесіп өту кезіндегі табиғи емес кедергілерді жою мәсе­­лелеріне ерекше көңіл бөлініп, мүше мем­лекеттердің көлік және кеден органдарының өкілдері мен халық­аралық сарапшылар тасы­мал­дау барысында туындайтын табиғи емес кедергілерді жоюға бағытталған ше­караны кесіп өтуді жеңілдету мә­се­лелеріне қатысты пікір алмасты. Ав­томобиль көлігімен кедергісіз және сенімді түрде жүкті жеткізу сұра­нысына сәйкес келетін алдыңғы қа­тар­лы елдердің тәжірибесі талқыланды. 2010 жылғы 24-26 мамырда Чехияның бас қаласы Прагада өткен 18-ші ЭЭФ-тің екінші қорытынды бөлімінде ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерден және әріптес мемлекет­тер­ден, халық­аралық және өңірлік ұйымдардан, көліктік-логистикалық компаниялардан және ғылыми-зерттеу ұйымдарынан келген 250-ге жуық делегат Еуропа мен Азия ара­сын­дағы тиімді және қауіпсіз тран­зиттік тасымалдарды дамытудың ке­лешегі, халықаралық жерүсті тасы­мал­дарын жетілдірудегі ЕҚЫҰ-ның рөлі, Орталық Азияда көлікті да­мытуға жәрдемдесу, сондай-ақ, көлік тасымалдарының қоршаған ортаға әсері жөнінде талқылаулар жүргізді. Қазақстан тарабы бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында зор мәнге ие болып табы­ла­тын және Елбасының Қазақ­стан халқына Жолдауында аталған “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халық­ара­лық автомо­биль дәлізін салу және қайта жаңарту жөнін­дегі мега-жоба туралы айрықша атап көрсетіп, халық­аралық қауымдастықтың ал­дында еуразиялық көліктік қа­ты­нас­тарды дамытудағы еліміздің гео­стра­тегиялық мүмкіндіктері мен тран­зиттік әлеуетін атап өтті. Қазақстанның төрағалығы бары­сында төр­аға-мемлекеттің бірыңғай имидждік стратегия­сын алға тарту және еліміздің көлік саласын­да­ғы басымдықтарын кең ауқымда тарату мақсатында біршама ақпараттық насихаттау жұмыстары атқарылды. Қазақстандық делегаттардың форумның сессияларында негізгі баяндамашы болуымен, модератор рөлін атқаруымен және жалпы талқылауларға қатысуымен қатар 18-ші ЭЭФ жұмысына қолдау көрсету мақсатында “Батыс Еуропа – Батыс Қытай”, “Трансконти­ненталь­ды Қазақстан” бейнефильмдерінің көр­се­тілімі ұйымдастырылып, “Қа­зақ­стан Респуб­ликасының концес­сия­лық жобалары” мен “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” транс­кон­ти­нен­тальды дәлізі, Еуропаға жаңа жол” кітапшалары таратылды. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы­ның қаржылық қолдауымен түсіріл­ген “Шекараны кесіп өту үрдістерін жеңілдету жүйесі және автомобиль көлігі тасымалдарының қауіпсіздігін қамтама­сыз ету” бейнетаспасы қатысушы делегаттарға үлестірілді. Сонымен қоса, ЕҚЫҰ-ның эко­но­мика­лық-экологиялық қызметінің үйлестірушісі Горан Свилановичтің, Қазақстанның көлік мәселелері жөніндегі өкілі – Литваның ерекше тап­сырмалар жөніндегі елшісі Ви­таутус Наудужастың “Хабар” телеарнасына арнайы сұхбаттары ұйымдастырылды. Жалпы, 18-ші ЭЭФ-тің алғашқы бөлімі автомобиль көлігі мен тасы­малдарына арналса, соңғы бөлімінде темір жол қатынасын талқылауға көбірек мән берілді. Әрине, Қазақстан Республикасы транзитті мемлекет болғандықтан ір­гелес мемлекеттерден еліміздің аума­ғы арқылы жүктерді белгіленген жерге автомобиль көлігімен кедер­гі­сіз және сенімді түрде жеткізу сұ­ра­нысын қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы автомобиль жолдарының болуы шарт. Кейінгі жылдары осы ба­ғытта жүйелі жұмыстар атқа­рылуда. Ол үшін Қа­зақ­стан Ұлы Жі­бек жолының әлеуетін жақ­сар­ту мақ­са­тын­да іргелі істер бастады. Өйт­кені бұл Қы­тай­дан Еуро­паға бара­тын ең төте жол. Оған негізгі себеп –Қа­зақ­станның географиялық тұр­ғыдан екі алып құрлықтың орта­сында оңтайлы орналасуы. Қазіргі кезеңде Қазақстанда жү­зеге асырылып жатқан ауқымды жобалардың ішіндегі ең ірісі Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық транзиттік авто­мобиль жолы дәлізі. Оның өту мар­шруты Санкт-Петербург – Мәс­кеу – Нижний Нов­город – Қазан – Орынбор – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Ал­маты – Қорғас – Үрімші – Лань­ч­­жоу – Чженчжоу – Ля­нью­ньгань. Осы­дан-ақ оның негізінен Ұлы Жі­бек жолы маршрутына сәйкес келе­тіндігін айқын көруге болады. Бұл жобаның осындай бәсекелестік ар­тықшылықтарының өзі дәліздің бо­лашағынан үлкен үміт күттіріп отыр. “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” дәлізінің балама дәліздерден, атап айтқанда, Транссібір автомобиль жолымен немесе Суэц каналы ар­қы­лы теңіз жолымен тасы­малдаудан артықшылығы – оның төтелігі мен жолға кететін уақыттың қысқа­лы­ғында. Теңіз жолын пайдаланғанда жолға 45 тәулік, ал Транссібір арқылы жүргенде 14 тәулік кетсе, “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” жо­лына кететін уақыт небәрі 10 тәулік болады. Бұл жобаны жүзеге асырудың орташа жылдық экономикалық тиімділігі едәуір қомақты. Айталық, жолда болу уақытының қысқаруы 33,9 миллиард теңге, автокөлік құрал­дарын пайдалануға кететін шығындардың қысқаруы 9,5 мил­лиард теңге әкелсе, жалпы өңірлік өнім 82,9 миллиард теңгеге ұлғаяды. Сонымен қатар, жол-көлік оқиға­ла­рының саны мен соның салдарынан опат болушылар саны азаяды. Осы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының нәтижесінде аталған екі көрсеткіштің азаюына байла­нысты экономикалық ықпалы 49,9 миллион теңге және 19,3 миллиард теңгені құрайды. “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автомобиль жолы дәлізінің жалпы ұзақтығы – 8445 км. Оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша өтетін жол ұзақтығы – 2787 км. Дәлізді қайта жаңарту жобасы бойынша осының 2 452 шақырымында құ­ры­лыс жұмыстары жүргізілетін болады. Жобаның жалпы құны – 825,1 миллиард теңге. Жоба респуб­ли­калық бюджеттік қаржы есебінен және халықаралық қаржы инс­ти­тут­та­рынан займ тарту арқылы, сондай-ақ концессиялық негізде іске асы­рылуда. Қазіргі уақытта қаржы­лан­дыру мәселелері толықтай шешіліп, халықаралық қаржы инс­ти­тут­та­ры­нан 3,5 млрд. АҚШ доллары тар­тылуда. Осының ішінде 3 млрд. АҚШ долларынан астам сомаға қар­жы институттарынан займ алу бо­йынша келісімдерге Бүкіләлемдік қайта құру және даму, Еуропа қайта құру, Азия даму және Ислам қайта құру банктерімен екеуара қол қойыл­ды. Осы алынған займдардың есе­бінен 1751 км. жол қайта жаңартылмақшы. Қазіргі уақытта “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” жобасы бойынша құрылыс жұмыстары 1367 км. жол бойында жүргізілуде және жыл соңында тағы 492 километрді қамту жоспарла­нып отыр. Оның ішінде Ақтөбе облысында республикалық бюд­жет есебінен ұзақтығы 215 км. құ­райтын учаскеде құрылыс жұ­мыс­тары 2007 жылдан бері іске асы­ры­луда. Ал Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстары арқылы өтетін 1152 километр бойындағы жұмыстар займдардың есебінен 2009-2010 жылдардан бастап іске асырылуда. Ал қалған учаскелерде құрылыс жұ­мыс­тары 2011 жылы толық бас­талатын болады. Биылғы жылы 399. км жолда қозғалысты ашу жос­парланып отыр. Ұзақтығы 301 км. Алматы – Қорғас және ұзақтығы 102 км. Таш­кент – Шымкент учаске­ле­ріндегі жұмыстарды концессиялық негізде іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда Алматы – Қорғас учаскесі бойынша концес­сио­нер анықталды және концессионермен келісім-шарт­қа отыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал, Ташкент – Шым­кент учаскесі бойынша концес­сио­нер анықтау үшін конкурс жария­лауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Біздегі “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” дәлізінің құрылысы аяқтал­ғаннан кейін еліміз­де туризм саласын дамытуға жаңа серпіліс туатын болады. Дәліз “Көксай” тау шаңғысы базасы, “Ежелгі Түркістан”, “Ежелгі Отырар”, “Қасқасу” таулы шаңғы курорты, “Байқоңыр”, “Қорқыт-Ата”, “Қамбаш”, “Ғарыштық айлақ”, Киіз үйлі отель, “GREENLAND” және “Ырғыз сарайының керуені” турис­тік аймақтары арқылы өтеді. Жо­ғарыда көрсетіл­ген туристік орта­лықтарға қауіпсіз, ыңғайлы қозғалыс қамтамасыз етілетін болады. Дәліздің құрылысы толық аяқталғаннан соң халықаралық стандарттарға сәйкестендіре отырып, сондай-ақ жүк тасымалдаушыларға ыңғайлы қозғалысты қамтамасыз ету үшін 20-дан астам жол бойындағы қызмет ету нысандарын салу жос­парланып отыр. Олардың құры­лысын қаржыландыру үшін жеке инвестициялар тарту ойластырылуда. Өйткені Елбасымыз атап өткендей, елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қызмет көрсету тиімділігін, бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы, Қытай мен Еуропа аралығында жаңа жүк тасымалы легінің пайда болуы Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану үшін алғышарттар жасап отыр. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасы бойынша 2020 жылы жүк тасымалы 2,5 есе, яғни жылына 13 млн. тон­надан 33 млн. тоннаға дейін өсетіндігі белгілі болды. Жоба Қытай – Қазақстан (25%), Қытай – Орталық Азия (35%) және Қытай – Қазақстан – Ресей – Батыс Еуропа (40%) бағыттары бойынша жүк та­сы­ма­лын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Әбілғазы ҚҰСАЙЫНОВ, Көлік және коммуникация министрі.