08 Қазан, 2010

Әріптестікті арттыру жөніндегі әңгіме

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сербия Республикасы Прези­денті­нің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республика­сының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Сербияның Сыртқы іс­тер министрі Вук Еремичпен кез­дес­ті. Кездесу барысында екі­жақты қарым-қатынастың жағ­дайы мен бо­лашағы, халықаралық ұйымдар шең­беріндегі өзара әріптестік, со­ның ішінде 1-2 жел­тоқсан күндері Ас­танада өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне дай­ындық ба­рысы талқыланды. Та­рап­тар Аста­на мен Белградтың ха­лық­аралық саясаттағы көп ұста­ным­­дары жа­қын екенін және екі ел­д­ің арасында қандай да бір саяси қарама-қайшылықтар жоқ екендігін атап өтті. Сауда-экономикалық ын­ты­мақ­тастық жөнінде пікір алмаса оты­рып, екі ел дипломатиялық мекеме­лерінің басшылары алыс-беріс кө­ле­мі екі елдің шын мәніндегі мүм­кін­діктеріне сай келмейтіндігін жет­кізді. Осы орайда қазақстандық сыртқы саяси ведомствосының бас­шысы едәуір тиімді өзара жақын­дасу моделін ойлап табу қажеттігін атап айтты. Қ.Саудабаев сербиялық іскер топ өкілдерін Қазақстан­ның үдемелі индустриялық-инно­ва­циялық даму мемлекеттік бағдар­ла­масына белсенді қатысуға ша­қыр­ды және әңгімелесуші тарапты Ресей және Белоруссиямен Кеден одағының шеңберінде ынтымақ­тас­тық­ты өрбіту артықшылық­тарымен таныстырды. Кездесу соңында екі елдің қа­рым-қатынастарын нығайтуға бағыт­талған бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық келісімдерге қол қойылды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.