15 Қазан, 2010

Елшімен кездесті

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13 қазанда Қазақстан Респуб­ликасының Бас прокуратурасында Бас Прокурор Қайрат Мәми Ли­ван Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Вазкен Кав­лакянмен кездесті. Кездесу барысында тараптар құ­қықтық саладағы екіжақты қатынас мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан Рес­публикасының Бас прокуратурасы ливандық тараптың қарауына ұсынған Қазақстан Республикасы мен Ливан Республикасы арасын­дағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек, сотталған­дарды одан әрі жазасын өтеу үшін беру және өткеру туралы келісім, сондай-ақ екі елдің прокуратура­лары арасындағы ықпалдастық туралы келісім жобалары жөнінде әңгімеленді. Тараптар құқықтық саладағы ықпалдастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін білдірді. “Егемен-ақпарат”.