15 Қазан, 2010

Дерек пен дәйек

513 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
51 МЛРД. ТЕҢГЕ Батыс Қазақстан облысында биылғы сегіз айда осыншама сомаға құрылыс жұмыстары атқарылды Облыстық статистика депар­та­ментінен газет тілшісіне ха­бар­лағанындай, осы кезеңде 889 жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Биылғы сегіз айда тұрғын үй құрылысына 4,5 млрд. теңге жұмсалды. Жалпы алаңы 98,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл өткен жылғыдан 7,7 пайызға кем. Жергілікті қа­зына есебінен 20,5 мың шаршы метр, республикалық бюджет қаржысына 0,3 мың шаршы метр жалгерлік, 0,2 мың шаршы метр несиелік, ал тұрғындар есебінен 77,4 мың шаршы метр үй бой көтерді. Батыс Қазақстан облысында биылғы сегіз айда инвестиция көлемі 141,4 млрд. теңгеге жетті. Оның 74,7 пайызы өнеркәсіпке бағытталса, 8,6 пайызы көлік пен қойма, 5,3 пайызы ден­сау­лық сақтау, 4 пайызы жыл­жымайтын мүлікпен жұмыс, 1,7 пайызы – білім, 1,2 пайызы сауда мен ауыл шаруашылығына жұмсалып отыр. Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы. * * * 191 МЛРД. 335 МЛН.ТЕҢГЕ ұсынылған өзгерістерді қоса есептегенде бюджет көлемі осыншама теңгені құрап отыр Өңір экономикасы қаржы дағдарысына қарамастан, жыл сайын толығуда. Оны облыстық экономика және бюджеттік жос­пар­лау басқармасының дерегі­нен анық көз жеткіземіз. Алматы облысының 2010-2012 жылдардағы бюджетіне ен­гізілген өзгерістер мен толық­ты­ру­лар жобасында халықты әлеу­меттік жағынан қолдау, білім және денсаулық салаларын да­мы­туға қомақты қаржы бөлін­генін байқау қиын емес. Сон­дай-ақ көлік және коммуни­кация басқармасы бойынша өңірдегі маңызы бар жолдарды күрделі және орташа жөндеуден өткізуге 400 млн. теңге, ал аудан­­дық маңызы бар жолдарға 151 млн. теңге бағыттау қарас­ты­рылуда. “Балапан” бағдарла­ма­­сына 426 млн. теңге бағытталған. Өзгерістерді қоса есеп­те­генде бюджет көлемі 191 млрд. 335 млн. теңгені құрады. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы * ** 139 000 Облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының мәліметтерінше, облыс бойынша осынша адам өздері қалайтын спорт түрлерімен шұғылданады Жоғарыда аталған адамдар қатарының 45 мыңы ауылдық жерлерде тұрады.Қалалар мен аудан орталықтарында, ауылдар­да тұрып жатқан спортпен айна­лысушы тұрғындарға облыс бой­ынша 2205 жаттықтырушы-ма­ман қызмет жасайды. Облыста 3089 спорт кешені бар. Ал, об­лыс орталығында жасанды алаңы бар 5 минифутбол стадионы, 2 теннис корты, 5 хоккей алаңы, 9 жүзу бассейні, 3 шаңғы базасы, 28 атыс тирі, “Құлагер” ип­подро­мы, 130 спорт залы жұмыс істейді. Бұларда бір мезгілде 25 мың адам жаттыға алады. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы.