19 Қазан, 2010

Өңірлік қауіпсіздік алаңдатып тұр

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшылары екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелері мен бірқатар келешегі кемел экономикалық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Қазақстан мен Ресей басшылары өңірлік қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда,  Қырғызстандағы жағдай талқыланып, Тәжікстандағы ахуалдың күрделенуіне алаңдаушылық білдірілді.