20 Қазан, 2010

Елбасының таңдамалы шығармалары топтастырылған екі томдықтың тұсаукесер рәсімі елімізде алғаш рет Қызылжар өңірінде өтті

478 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Ресей Фе­де­ра­циясында басылып шық­қан екі томдық таңдамалы шығармаларының тұсау­ке­сер рәсімі облыстық әкім­дікте ұйымдастырылды. Ай­мақ басшысы Серік Біләлов тұсаукесерде сөйлеген сө­зінде есімі әлемдік деңгей­дегі лидерлер қатарында аталатын Елбасының зор қажыр-қайрат жұмсауының және байыпты саясатының арқасында еліміздің аса күрделі кезеңдерден мүдірмей өтіп, экономикалық қуатты мем­лекетке айналғанын, дамудың жо­ға­ры деңгейіне жетудің жолдары “Жаңа онжылдық – жаңа эконо­ми­калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” Жолдауында нақты айқындалғанын, “Қазақ­стан-2030” Стратегиясын жүзеге асыру аса маңызды міндет болып қала беретінін жеткізе келіп, кітаптың жарық көруі  ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Астана қаласында өткелі отырған саммиті қарсаңында республика өміріндегі айтулы оқиға екенін атап көрсетті. Елбасының таңдаулы туынды­ла­рының алғашқы тұсаукесері Қазақстанның Ресей Федера­ция­сындағы елшілігінде өткізілсе, елімізде  бірінші рет Петропавл қа­ла­сында ұйымдастырылып, айрықша мән-маңыздылығымен есте қалды. Маңызды шараға эко­номика ғылымдарының докторы, Еуразиялық экономикалық қоғам­дастық мәселелерін стратегиялық зерттеу институтының директоры, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының профессоры Анатолий Спицын, “Парасат” ұлт­тық ғылыми-технологиялық хол­дингі” АҚ-тың басқарма төрағасы, экономика ғылымдарының док­торы Нұралы Бектұрғанов, Пар­ламент Сенатының депутаты, “Нұр Отан” ХДП Саяси кеңесі бюросының мүшесі Анатолий Башмаков қатысты. Анатолий Ха­ритонович Президент еңбек­тері­нің Мәскеудің “Экономика” баспасы­нан жарық көруіне айрықша атса­лысқан. Саналы ғұ­мырының 20 жылын Қазақстанда, оның ішінде көп бөлігін Солтүстік Қазақстан облысында өткізген. Біраз жыл Мемлекет басшысының көмек­шісі қызметін атқарған. Айтулы ғалым  200-ге тарта мо­но­гра­фиялық еңбектердің авторы, 15 ғылым докторын, 40 ғылым кандидатын даярлап шыққан. Ол өз сөзінде  Н.Назарбаевтың таңдамалы шығармаларының жарыққа шығуына  үлес қосқанын мақтаныш санайтынын, әлем мойындаған Қазақстанның жасам­паз­дықпен дамып келе жатқанын айта келіп, бұл орайда  әлемдік деңгейдегі көшбасшы саналатын Елбасының еңбегі орасан еке­ніне ерекше екпін түсірді. Біздің институт мәскеуліктер арасында социологиялық зерттеу жүргізген еді. Сауалдамаға жауап беруші­лердің үштен екісі Н. Назарбаевты  ТМД кеңістігіндегі зор саяси тұлға ретінде танитындарын айтты. Екі томдық кітапта  Қазақ­станның 2030 жылға дейінгі  даму страте­гия­сы, тәуелсіздік алған ке­зең­нен бастап бүгінге дейінгі эконо­микалық, әлеуметтік, мәдени сала­ларда қол жеткізген та­быс­тары қарапайым тіл­мен түсі­нік­ті баянда­лады. Әсіресе, өзге елдер әлемдік қаржы тығы­рығына тіреліп, то­қы­рауға ұшырап жатқан­да Президенттің дұрыс ше­шім қабылдай білуінің арқасында экономи­ка­лық өсуге қол жеткізді. Тұр­­лаулылықты қамта­масыз етті.  Осындай елдің та­ма­ша Басшысы  жай­лы көп айтуға болады. Сө­зімді  Қазақстанның эко­но­микалық дамуын мұқият зерт­теген ресейлік білгір ғалым Д.Львов­тың “Пре­зидент Нұр­сұлтан Назарбаев ұсынған стратегиялық жоспар жүзеге асырылса, Қазақстанның 10-15 жылдан кейін қалай гүл­деніп, өркендегенін көзі барлар көреді, құлағы барлар естиді” деген тамаша ойларымен түйін­дегім келеді, деді ол. А. Спицынге облыстың дамуына зор үлес қосқаны үшін “Солтүстік Қа­зақстан облысының құрметті азаматы” атағы беріліп, арнайы төсбелгі табыс етілді. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың құрметті профессоры атанды. Тұсаукесер рәсімде  “Парасат” ұлттық ғылыми-техникалық хол­дингі” АҚ-тың басқарма төраға­сы Н.Бектұрғанов, сенатор А.Башма­ков, СҚМУ оқытушысы Т.Тимо­шина, студент Н.Нұрпейіс сөз алып, Елбасының таңдамалы екі томдық кітабы жайлы өз ойлары­мен бөлісті. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.