21 Қазан, 2010

Волейбол

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Екі жетіге күш жетеді 29 қазан мен 14 қараша аралығында Жапонияда волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Оған 24 елдің ұлттық құрамалары қатысады. Жарыстың бірінші кезеңі 5 күнге созылады. Бұл сында Қазақстан “С” тобында АҚШ, Куба, Гер­мания, Хорватия және Тайланд команда­лары­мен ой­найды. Осы топтан суырылып шық­­са, отан­дас­тарымыз “А”, “В”, “D” тобы­ның үз­дік команда­ларымен бірге 6-10 қараша аралы­ғында өтетін әлем чемпионатының екін­ші ке­зеңінд­е күш сынасады. Оған 16 елдің ко­ман­дасы қатысады. Содан кейін олардың ара­сы­нан 12 команда іріктеліп, плей-офф бәсеке­сінде өзара өнер көрсетеді. Одан әрі ең үздік 4 елдің ко­ман­да­сы жүлделі орындар үшін бәсе­ке­ге түссе, қал­ғандары 5-12 орындар үшін таласады. Әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Қазақ­стан Германия құрамасымен өткізеді.