30 Қазан, 2010

Ұлттық әл-ауқат әлеуеті

887 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2010 жылдың 26 қазанында әлемнің 110 мемлекетінің ұлттық әл-ауқат әлеуетінің рейтингісін не­месе дәрежесін көрсететін дүние­жү­зілік әл-ауқат әлеуеті туралы баяндама жарық көрді. 2010 жылы Қа­зақстан  ТМД мемлекеттерінің ара­сынан үздік шығып, осы рей­тинг бойынша 50-ші орынды ие­ленді. ТМД мемлекеттерінің ішінде Беларусь – 54-ші, Ресей – 63-ші, Украина – 69-шы орындарды иеленген. Дүниежүзілік әл-ауқат әлеуеті туралы баяндаманы жыл сайын Gallup World Poll Servіce – тәуелсіз зерттеу агенттігінің және Oxford Analytіca – тәуелсіз ақ­параттық агенттігінің қолдауымен Легатум (Legatum Іnstіtute) ғылы­ми-зерттеу институты жарыққа шы­ғарады. Бұл рейтинг ұлттық әл-ауқат әлеуетіне баға беру са­ла­сында ең беделді са­раптама бо­лып табылады. Ол эко­номикалық факторлармен қатар, азамат­тар­дың әл-ауқатына тікелей әсер ететін әлеуметтік факторларға да ерекше басымдық береді. Ұлттық әл-ауқат әлеуеті ту­ралы рейтинг 89 индикаторларды топтас­тыр­ған 8 субиндекстен тұ­рады. Әрбір субиндекстегі инди­каторлар тұрғындардың табысына және азаматтардың әл-ауқатына қатысты индикаторлардан құра­ла­ды. Регрес­сиялық сараптау нә­тижесінде әрбір индикатор су­б­индекс бойынша рей­тинг дәре­жесін анықтауға мүм­кіндік береді. Тұрғындардың әл-ауқатының жалпы рейтингі әрбір субиндекс рейтингінің орташа көрсеткішін есептеу нәтижесінде анықталады. 89 индикатордың ішіндегі 39-ы Gallup World Poll  бойынша жүр­гі­зілген сауалнамадан алынса, қалған индикаторлар Бүкіләлем­дік банктің World Development Іndіcators не­гізінде келтірілген статистикалық деректерден құ­ралған. Осы индикаторлар жиын­ты­ғы­нан көрініп отырғанындай, ұлт­тық әл-ауқат рейтингі және жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі негі­зі­нен ұқсас статис­ти­ка­лық дерек­тер­ден құралған. Жалпы алғанда, нәтижелерді есептеу тәсілі бірдей, тек бір ерекшелік жаһандық бәсе­кеге қабілеттік индексі негі­зінен кәсіпорындар басшыларының ара­сында жүргізілген сауалнама дерек­теріне сүйенсе, ұлттық әл-ауқат рейтингі адамдардың күнде­лік­ті тұрмыс тіршілігін айқын­дайтын үй-шаруашылығындағы сауалнама деректеріне негізделген. Анықтама: Gallup World Poll сауалнамасы жыл сайын жүргізіліп, әл-ауқат дең­гейі барынша жоғары мемле­кет­терді анықтайды. Бұл сауалнама 155 мемлекеттің үй шаруашылығы бойынша жүргізіледі. Әрбір мем­лекеттің үй шаруашылығы мәселесі негізінде 1000 жеке сұрақ қойы­лады. Сауалнамаға 15 жасқа толған және жасы одан асқан кез келген респондент қатыса алады.