02 Қараша, 2010

Орталық ынтымақтастыққа дайын

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында  Әділет министрлігінде вице-министр Д.Құсдәулетовтің Елші, ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы Орталығының басшысы А.Кельчевскимен кездесуі болып өтті,  деп хабарлады Әділетминнің баспасөз қызметі. Кездесуге қатысушылар адам құқығын қорғау, соның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл, жазалаудың балама шаралары, “Омбудсмен +” үлгісі бойынша ұлттық алдын алу тетіктерін жасау, пенитен­циарлы жүйені реформалау салаларындағы ахуал туралы пікір алмасты. Әділет вице-министрі “Қа­зақ­стан Республикасында құ­қық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы” Президент Жарлығын іске асыруда қабыл­данған шаралар туралы, әділет органдарының және жалпы мемлекеттің құ­қық қорғау жүйе­сінің қыз­ме­тін жетілдіру мақса­тында соң­ғы кезде қабылданған норма­тивтік құқықтық актілердің әзірленген жобалары туралы, пробация қызметін құру және дамыту, өмірлік қиын жағ­дай­ға ұшыра­ған адамдарға көмек көрсетудің әлеуметтік стан­дарт­тарын әзірлеу бойынша ұсыныс­тар дайындау жөнін­дегі жұмысты Әділет ми­нистрлі­гі­нің жанынан арнайы құрылған жұмыс тобы­ның шеңберінде жалғастыру ту­ралы айтты. Өз кезегінде А.Кельчевски ұлттық алдын алу тетігін құру туралы заң жобасын әзірлеуге қатысуды қоса алғанда, адам саудасының құрбандарын қорғау, қылмыстық заңнама­ны дамыту және тағы басқа көптеген мәселелер бойынша жүзеге асқан табысты ын­тымақтастық үшін алғысын білдірді. Кездесу соңында қаты­сушылар ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екен­дік­терін жеткізді. Елші Әділет ми­нистрлігімен ынты­мақ­тас­тық­қа дайындығын атап көрсетті.