05 Қараша, 2010

Маңызды рөлі аталды

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
3 қарашада “Нұр Отан” ха­лық­тық-демократиялық партиясының Орталық аппараты кеңсесінде пар­тия Төрағасының бірінші орынба­са­ры Нұрлан Нығматулин Украи­на­ның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Олег Демин­мен кездесті. Кездесу барысында Нұр­лан Нығматулин партия қыз­ме­ті­нің басым бағыттары мен пар­тия­аралық ынтымақтастық туралы әң­гімеледі. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасының алдағы 5 жылы­ның бас стратегиялық құжаты са­налатын Президенттің индустрия­лық-инновациялық даму бағдар­ла­ма­сын жүзеге асыру жайы да сөз болды. Өз кезегінде Олег Демин Орта­лық Азиядағы саяси тұрақтылық, ЕҚЫҰ жауапкершілігі кеңістігінде қауіпсіздікті нығайту салаларында Қазақстан мен оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды рөлін атап өтті. Кездесу барысында әріптестік­тің негізгі бағыттары және оны одан әрі тиімді дамыту жолдары баса аталды, деп хабарлады “Нұр Отан” ХДП-ның баспасөз қызметі.