Анкарадағы тұңғыш Түркі универсиадасында Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды
Қазан айының соңғы аптасында Түркия астанасы Анкарада Дүниежүзілік Бірінші Түркі универсиадасы өтіп, оған бес елдің, атап айтқанда, Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан және түрік Кипрінің студент командалары қатысты. Жарыстар спорттың бес түрі бойынша өткізіліп, грек-рим және еркін күрестен, волейбол, баскетбол, үстел теннисі мен шахматтан күш сынасу болды.
Барлығы 17 медаль жиынтығы бәсекеге салынды. Негізгі ұйытқысын Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері құраған біздің ел командасы марапаттардың басым бөлігін жеңіп алды. Сөйтіп қоржынға түскен 8 алтын, 6 күміс және 4 қола медальдар түйінді нәтижеде біздің спортшыларымызға бірінші жалпыкомандалық орынды сенімді түрде еншілеуге мүмкіндік берді.
Делегация басшысы, профессор Қайрат Зәкірияновтың пайымдауынша, спорттық нәтижелердің тұрақты өрлеуін қамтамасыз ету мақсатында Дүниежүзілік Түркі ойындарын өткізумен айналысатын ұжымдық орган – Түркі тілдес халықтардың спорттық студенттік федерациялары Ассоциациясы құрылды.
Петр ПОМИНОВ, Қазақ спорт және туризм академиясының қызметкері.