20 Қараша, 2010

Тұрақты кіріс көзі уақыттан басталады

646 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Жуырда БТА банк өткізген баспасөз мәслихатында аталған банктің басқарушы директоры Марлен Жакежанов БТА банк “Жол картасы-2020” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскендігін мәлімдеген болатын. Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Қоғам мен мемлекет тарапынан да нәзік жандылар­дың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда. “Әйел – бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді” деген сөз бұрын көп айтыла бермесе, қазіргі таңда бұл сөз саясат сахнасындағы кәдімгі үйлесімді сценарий болып қалыптасты. Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл тол­маса да еліміздің жаһандық саясатта ше­берлік танытып, халық пен ел абыройын еселеуде көптеген жерлерде жеңіске же­тіп, үлгі-өнеге көрсетіп жүргенін дөңге­ле­нген дүниенің барлық сырынан хабардар мемлекеттер жақсы біледі. Сондықтан да әлем елдерінің алдындағы оң саяси имиджімізді бұдан да мықтырақ ету үшін демократиялық қағидаттарға негізделген гендерлік саясаттың арнасын кеңейтуіміз керек. Ешқашан да толас­та­майтын, ешуақытта да өзінің өзектілігін жоймайтын “гендерлік саясат” деген термин төңірегіндегі барлық әңгімелер кеше елордада талқыланды. Астанадағы “Пекин Палас” қонақ үйінің көпфункционалды залында бір күн бойы тартымды әңгімелер мен қы­зық баяндамалардың айтылды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо­гра­фиялық саясат жөніндегі ұлттық комис­сия мен БҰҰ-ның Қазақстан Респуб­ли­касындағы Даму бағдарламасы аясында “Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуі: гендерлік аспект” тақырыбында өт­кізілген халықаралық конференцияға бұл бағыттағы саясатқа белсенді атсалысып келген ұлттық комиссияның мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, мем­ле­кеттің органдардың, ИКҰ-ға мүше ел­дер­дің дипломатиялық корпусы, үкі­мет­тік емес және халықаралық ұйымдардың, саяси партиялар мен БАҚ өкілдері қатысты. “Конференцияның басты мақсаты қалың көпшілікті және Ислам Кон­фе­ренциясы Ұйымына мүше елдердің дип­ломатиялық корпусты өкілдерін елімізде жүргізіліп жатқан гендерлік саясат тура­лы хабардар ету және Қазақстанның ал­дағы ИКҰ-ға төрағалық етуінің күн тәр­тібін гендерлік аспектіні ескере оты­рып талқылау”, – деді шараны ұйым­дас­ты­рушылар. Конференция барысында қазіргі Қа­зақстанның гендерлік саясатына қатысты оның болмысы мен даму келешегі, ұлт­тық гендерлік саясатты заңнамалық тұр­ғы­дан қамтамасыз ету, ИКҰ қызметіндегі гендерлік дискус, азаматтық қоғамның экономикадағы гендерлік теңдікті ілгері­летудегі маңызы сынды көптеген өзекті деп саналатын мәселелер қызу талқыға түсті. Бүгінгі таңда ИКҰ – ең ірі әрі ең ықпалды халықаралық ұйымдардың бірі. 1,4 миллиард адамды құрайтын 57 елдің басын біріктіретін аталған ұйымға елі­міз­дің төрағалық ету кезіндегі аттайтын әр­бір қадамының маңызы айтарлықтай бол­­мақ. Сондықтан да қатысушы елдер саны жағынан БҰҰ-дан кейінгі әлемдегі екінші институттық ұйымдағы Қазақ­станның жүргізетін саясаты жүйесіндегі гендерлік аспектілерінің орнын анықтау үлкен жауапкершілік жүктесе керек. Бұл туралы конференция барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайы­мы Гүлшара Әбдіқалықова өзінің баян­да­масында нақты тоқталды. Оның ай­ту­ынша, Қазақстан тәуелсіздік алғалы сырт­­­қы саясатта көпқырлы ынтымақ­тас­тықты көздейтін теңгерімді бағыт ұстап жүр. “1995 жылдан бері біз ИКҰ-ға кіріп, оның жұмысына араласудамыз. Баршаға мәлім, бір жарым айдан соң Қазақ­стан­ның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету міндеті аяқталады. Біз аталмыш Ұйымға төрағалық ету барысында көптеген жұ­мыстар атқардық. Солардың бірі ген­дерлік бағыттағы проблемалар мен от­басы, балалар мәселесі бойынша екі үл­кен заң қабылданды. Сонымен қатар, мау­сым айында Қазақстанның баста­ма­сымен Венада үлкен конференция ұйымдастырылып, онда да біз атап өткен мәселелер қаралды. Бұл шараға көптеген елдің өкілдері қатысқандығын айта кету керек. Біздің ендігі мақсатымыз ИКҰ-ға кіретін 57 елдің тәжірибесін зерделеп, үз­­дік жетістіктерден үлгі алу болып отыр”, – деп атап көрсетті Г.Әбді­қа­лықова. Конференция соңында ИКҰ аясын­да­ғы және әлемдік саяси жүйедегі ген­дерлік саясат ерекшелігінің ықпалды тұс­тары қорытындыланып, тиісті қарар қабылданды. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.