29 Қараша, 2010

Ұланның басты міндеті ЕҚЫҰ саммитін өткізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету

526 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Республикалық Ұлан қолбас­шылығы офицерлік құрам және келісім-шарт бойынша әскери қыз­метшілермен әскери және құ­қықтық тәртіпті нығайтудың қазіргі заманғы және тиімді жүйе­сін құру жұмысын үнемі жетілдіріп келеді. Соның бір дәлелі жақында мұнда кеңес болып өтті. Онда әскер­ді басқару стратегиясы, қызметтік-жауынгерлік саланың бірінші ке­зек­тегі мәселелері мен оларды ше­шу жолдары қарастырылды. Қол­басшылық құрамы коман­дир­лер мен басқа да лауазымды тұлға­лар­дың үстіміздегі жылдың он айын­да әскери бөлімдерде атқарыл­ған қызметтік-жауынгерлік іс-шаралар жөніндегі, әскери және құ­қықтық тәртіп жағдайы, заңды­лықтың сақталуы туралы есебін тыңдады. Республикалық ұланның есептік кезеңдегі қызметінің нәтижелерін қорытындылаған қолбасшы, гене­рал-лейтенант Абай Тасболатов қыз­меттегі әскери және құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығына баса мән берді. Ұлан кеңесі қоры­тындысы бойынша лауазымды тұлғалардың қызметтік міндеттерін атқару сапасын одан әрі арттыру мақсатында кадрлық өзгерістер жасалды. Жаңа оқу кезеңінен бастап офицерлер мен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқару сапасын бағалау жүйесін енгізу туралы шешім қабылданды. Жаңа кезеңде бірінші кезекте атқарылатын міндеттер ретінде республикалық Ұланға Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев белгілеген негізгі міндеттермен қатар ЕҚЫҰ Саммитін өткізу кезінде қауіпсіз­дікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды даярлау мен сапалы өт­кізу, Ұланның 2010 жаңа шақы­ры­лымын қарсы алу мен қатарға қосу шаралары айқындалды. Келісім-шарт бойынша әскери қызметшілер арасындағы әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті сақтау, оларды әлеуметтік қамтамасыз ету секілді осы категориядағы әскерилерге қа­тысты басқа да сұрақтар 0111 және 0112 әскери бөлімдерінде өткен Сержанттар кеңесінде кеңінен талқыланды. Айнұр БУДАН, республикалық Ұланның аға офицері.