02 Желтоқсан, 2010

«Астана рухы» бекіте түскен «Хельсинки рухы»

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Салтанат сарайында» ЕҚЫҰ Сам­митіне қатысқан делегация басшылары­ның құрметіне Қазақстан Президенті Нұрсұлт­ан Назарбаевтың атынан ресми қабылдау болды, деп хабарлады Қазақ­стан Респуб­ликасы Президентінің баспа­сөз қызметі. Қабылдауға қатысушылар мен қонақтардың алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитіндегі сөздерінде және пікір алмасулар кезінде саяси көшбас­шылар осы Ұйымның жиырма бірінші ғасырда табысты дамуына ортақтастықтарын білдіргенін атап өтті. – Еуропа мен Солтүстік Америкадағы, Орталық Азия мен Кавказдағы 56 елді біріктіріп отырған ЕҚЫҰ-ның ұлан-ғайыр кеңісті­гінде өзара түсіністік пен қауіпсіздікті нығайту жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісіне қосылған зор үлес болып табылатынына сенемін, – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев. Президент Қазақстан өз төрағалығынан кейін де біздің еліміз «Астана рухымен» бекіте түскен «Хельсинки рухын» одан әрі іске асыру мақсатында тығыз және жемісті өзара іс-қимыл жүргізуге әзір екенін атап өтті.