07 Желтоқсан, 2010

Ұйымның қосымша кеңесі өтеді

395 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
9 және 10 желтоқсанда Венада «Дін мен ұждан бостандығы» та­қырыбында Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық ұйымы­ның гуманитарлық өлшемі бо­йын­ша Үшінші қосымша кеңесі өтеді. Қазақстан аталған тақы­рып­ты Батыс пен Шығыс мәде­ниет­терін жақындастыруға және төзімділікті насихаттауға бағыт­талған еліміздің Ұйымға төраға­лық етуіндегі маңызды басым­дық­тардың бірі ретінде ұсынған болатын, деді дәстүрлі брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов. Үшінші қосымша кеңес 2010 жыл барысындағы Ұйымның гу­манитарлық өлшеміндегі Қазақ­стан­ның алдын ала жоспарланған іс-шараларын аяқтайды. Халық­ара­лық сарапшылардың пікірінше, Қа­зақстан төрағалығы гума­ни­тарлық өлшемде адам құқық­тарын қорғау саласындағы Ұйым қыз­метінің тиімділігі мен мәрте­бесін көтеруге арнаған мағыналы баста­маларды іске асырумен ерек­­шеленді. Ресми өкіл сондай-ақ алдағы кеңестің шеңберінде дін сала­сын­да білім беру, символика, пікір білдіру, сонымен қатар, дін тұту еркіндігі саласындағы Ұйымның міндеттемелері жөніндегі мәселе­лерді қарас­­тыру жоспарланғанын атап өтті. 10 желтоқсанда Мәскеуде Қа­зақ­стан Президенті Нұрсұлтан На­зарбаев ең жоғары деңгейде өтетін бірқатар көпжақты кездесулерге қатысады. Солардың ішін­де – Ұжымдық қауіпсіздік шар­ты ұйымы Ұжымдық қауіпсіз­дік ке­ңе­сінің сессиясы, Тәуелсіз Мемле­кеттер Достастығы Мемле­кет басшыларының кеңесі, Еура­зия­лық экономикалық қоғам­дас­тық­тың Мемлекетаралық кеңесі және Кеден одағы жоғары ор­ганының жиналыстары өтеді де­п күтілуде. А.Абдрахмановтың ай­туынша, жос­парланған іс-шара­лар аясында мемлекет басшы­лары көпжақты ынтымақтас­тық­ты кеңейтуді көз­дейтін бірқатар құжаттарға қол қойып, бұрын қа­былданған ше­шім­дердің жүзеге асы­рылу бары­сын қарастырады жә­не халықара­лық күн тәрті­бін­дегі өзекті мәсе­ле­лер бойынша пікір алмасады. Сондай-ақ, 9 желтоқсанда келесі күні өтетін жоғары деңгей­дегі кездесулерге дайындық жұ­мыстары аясында бірқатар кездесулер жоспарланып отыр екен. Олар­ға ТМД-ға мүше елдер сырт­қы істер министрлері, ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер сыртқы істер министрлері, қорғаныс министрлері және қауіпсіздік кеңесі­нің хатшылары қатыспақ. «Егемен-ақпарат».