10 Желтоқсан, 2010

Адам құқықтары – ең басты құндылығымыз

1259 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Әр жылдың 10 желтоқсанында халықаралық қауымдастық Адам құқықтары күнін атап өтеді. 1948 жылдың дәл осы күнінде БҰҰ Бас Ассам­блея­сы Адам құқықтарының жалпыға бірдей дек­ла­ра­циясын қабылдады. Адам құқықтарының жал­­­пыға бірдей деклара­ция­сы­ның ережелері негізінде адам құ­қықтары бо­йынша 80-нен астам ха­лықаралық келісімдер мен декларациялар жа­­­­­­­са­лын­ды. Осылайша, Адам құ­қық­та­рының жалпыға бірдей дек­ла­ра­циясының табысты іске асы­ры­луы арқасында 1976 жылы Аза­мат­тық және саяси құқықтар ту­ра­лы ха­лықаралық пакт және Эко­но­микалық, әлеуметтік және мәде­ни құқықтар туралы халық­ара­лық пакт қолданысқа енді. Жал­пыға бірдей декларацияда бекітілген құқықтардың көбі өзінің келешектегі дамуына негіз болды, со­ның нәтижесінде, шын мәнінде, олар­ды бекіткен мемлекеттер, со­ның ішінде Қазақстан үшін де олар міндетті заңды күшке ие бол­ды. Бұларда өмірге, заң алдын­да­ғы теңдік, еркін пікір айту, ең­бек­ке, әлеуметтік қамта­ма­сыз етуге және білімге берілетін құқық сияқ­ты басты құқықтар бекітілді. Жал­пыға бірдей декларациямен жи­нақ­тағанда бұл пактілер Адам құқықтары туралы халықаралық биллді құрайды. Сондай-ақ Адам құқықтары­ның жалпыға бірдей декларация­сының ережелері көптеген адам құқықтары жөніндегі аймақтық конвенцияларға, адам құқықтары туралы ұлттық заңдар мен мемлекеттер конституцияларына негіз болды. Жинақтала келе олар міндетті заңды күші бар және адам құқықтарын ынталандыру мен қорғауды қамтамасыз етуде нор­ма­лар­дың барлығын қамтитын жүйені құрайды. Адам құқықтары күні қар­саңында Астана қаласында адам құқықтарын сақтау мәселелері қа­рас­тырылған бірқатар маңызды халықаралық іс-шаралар өткізілді. Осылайша, үстіміздегі жылдың  қа­ра­шасында ада­ми өлшемге арнал­ған ЕҚЫҰ Шолу конферен­ция­сы­ның 3-бө­лімі өт­кі­зілді. Оның жұ­мысына Адам құ­қықтары жөніндегі уәкіл­дің мекемесі де белсенді атсалыс­ты. Адам құқықтары жөнін­дегі ұлт­тық орта­лықтың басшысы құ­қық қорғау бағытына негізделген өз сөзінде миг­ранттарға қа­тыс­­ты төзімсіздік және балалар­ды са­ту­ға баса назар аудару мен адам­дар­ды сатуға қарсы күрес, оның ішін­де бұл жұмысқа Адам құ­қық­тары жөніндегі уәкіл офисі­нің қатысуы мәселелерін баянда­ды, ЕҚЫҰ аты­на жоғарыда көр­сетіл­ген қыз­мет сала­ла­рында жағ­­дай­дың жақ­­са­руы жө­нінде нақ­ты ұсы­ныс­тар берілді. Қазақстан төр­аға­­­­лығының шы­­­ңы үсті­міздегі жылдың. 1-2 желтоқ­са­нын­­да өт­­кі­зілген ЕҚЫҰ Сам­­­ми­ті бол­ды. Мем­­­ле­кет бас­шысы атап өткен­дей, саммит қоры­тын­­­ды­ларының ел үшін стра­­тегия­лық ма­ңы­зы бар. Респуб­лика тәуел­­­­сіздігі­нің сыртқы саяси негіздері нығай­тылды. Осы ха­лық­­аралық ұйым­ның басшы­лы­ғын­­дағы іс-қимыл бағдарламасы то­лық іске асы­рыл­ды, алға қойыл­ған барлық міндет орын­­­далды. Қа­зақ­стан Ұйымның жаңа ғасыр­да да­муына серпін бере алды. Еу­ра­зия қауіпсіздігі проб­­ле­­малары­ның бү­кіл блогы бо­­йын­ша пікірталас жаң­ғыртыл­ды. Мем­­лекет халық­ара­лық дең­гейдегі аса ірі шара­лар­ды өткізу жөніндегі міндеттерді шеше ала­тынын дә­лел­деп бере алды, ал қо­ғам то­лыс­­қанды­ғын, бірлігі мен топтас­қан­дығын көрсете алды. ЕҚЫҰ Саммитінің қорытын­ды­сы бойынша қабылданған Ас­тана декларациясында адам құ­қық­­тары мен негізгі бостан­дық­тар ажыратылмайтын болып та­бы­ла­тыны және оларды қорғау мен ын­таландыру ЕҚЫҰ-ға мү­ше-мем­ле­кеттердің ең бірінші мін­­деті екені атап көрсетілген. Қазақстанда адамның және аза­­­­­маттың құқықтары мен бос­тандық­тарын қамтамасыз ету са­ла­сында тиісті заңнамалық база құ­рылды. Азаматтық, қылмыс­тық, қылмыс­тық-процессуалдық, қылмыстық-атқару жүйесі заңна­малары жетілдірілуде. Соңғы уа­қытта адам құ­қықтары мен бос­тан­дықтарын қор­ғау саласында бірқатар заңдар қа­был­данды, олар – тұрмыстық зор­лық-зом­былық профилакти­ка­сы, гендерлік теңдік, босқындар, сот және қыл­мыстық-атқару жүйесін жетілдіру туралы заңдар. Біздің мемлекетімізде әрбір адам өзінің бұзылған құқықтарын қор­ғаудың және қалпына кел­тіру­дің көптеген мүмкіндіктеріне ие. Оған сот органдарын, прокуратура, мемлекеттік органдардың және лауа­­зымды тұлғалардың заң­­сыз іс-әре­кеттеріне жоғары инс­­тан­ция­лар­ға шағымданудың сотқа дейінгі тәр­­тібін, Қазақстан Республика­сы­ның Президенті жа­нындағы Адам құ­қық­­­тары жөнін­дегі комис­сияға, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, үкіметтік емес ұйымдарға, келісімдік органдар деп аталатын ха­лық­аралық құ­қық қорғау пактілер мен конвенцияларға сәйкес құрыл­ған БҰҰ-ның әр түрлі комитеттеріне жү­гі­ну мүмкіндігін жатқызуға болады. Қазіргі жағдайда азаматтар­дың құқықтары мен бостандық­тарын қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың, Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл мен үкімет­тік емес құқық қорғау ұйымдары­ның тығыз қарым-қатынастары жағ­­дайында ғана мүмкін. Құра­мында мемлекеттік ор­ган­­дар­дың жоғары деңгейдегі өкіл­дері, сон­дай-ақ белгілі құқық қор­ғаушылар жұмыс істеген және қа­зір де жұ­мыс істейтін Адам құ­қық­тары жө­ніндегі уәкіл жанын­дағы Азап­тау­лар және қарым-қатынастар мен жазалаудың басқа да қатаң түр­ле­рін қолданудың фак­тілерін қа­рау жөніндегі жұ­мыс тобы осын­дай ынтымақ­тас­тыққа мысал болады. Билік пен ҮЕҰ қарым-қаты­нас­тарының проблемасы үсті­міздегі жылдың қа­занында Адам құқықтары жөнін­дегі уәкілдің Сырт­қы істер министрлігімен, Ас­тана қаласын­дағы ЕҚЫҰ орта­лығы және Адам құқықтары жө­нін­дегі Дания инс­ти­­тутымен бірлесіп ұйымдастыр­ған «Адам құ­қықтары жөніндегі уәкіл, мемлекеттік органдар мен аза­маттық сектор арасындағы өз­ара әрекет­тесу­дің өзекті мәселе­лері» тақы­рыбындағы конференцияда жан-жақты талқыланды. Осы өкілетті форумға қатысушы­лар аталған мәселеде маңызды оң өзгерістер­дің байқалып жатқан­дығы туралы ортақ пікірде болды. Омбудсменнің мемлекеттік органдар және азаматтық сектормен өзара әрекеттесуін реттеу және ны­ғайту жөніндегі медиаторлық рөлі арқасында 2010 жылы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңе­сінде Қазақстан бойынша ӘКШ-нің (Әмбебап кезеңдік шолу) тұсау­ке­серін өткізудің сәті түсті, сондай-ақ БҰҰ-ның Азаптаулар­ға, нәсілдік кем­сітушіліктерге қар­­­сы және Эко­но­микалық, әлеу­меттік және мәде­ни құқықтар туралы пакті жөнін­дегі комитеттерінде ұлттық баяндамалар та­быс­ты қорғалды, сонымен бірге, біздің Қазақстанның мемо­р­ган­­дары­ның аталған мәселедегі оң жұмысын атап өткен БҰҰ-ның азшылықтар мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшысы Г.МакДугал­дың, БҰҰ-ның азаптаулар және тұрғын үй жеткіліктілігі мәселе­лері бойынша арнайы баяндама­шылары М.Новак пен Р.Роль­ник­тің елімізге іссапарының табысты болуына жағдай жасады. БҰҰ қатысуымен адам құқық­тары саласында маңызды бағдар­ла­ма­лық құжаттар әзірленді, олар – 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Құ­қық­тық саясат тұжырымдамасы және 2009-2012 жылдарға арнал­ған Қазақстан Республикасын­дағы адам құқықтары саласын­дағы ұлттық жоспар. Сөз соңында құқық қорғау қыз­метіне қатысты барлық аза­мат­тар­ды Халықаралық адам құ­қық­та­ры күні­мен құт­тықтай оты­рып, олар­ға ден­сау­лық, бақыт, аман­дық жә­не жұ­мыста жаңа та­быстар тілеймін! Асқар ШӘКІРОВ, Қазақстан Рес­­­­публикасындағы Адам құқықтары жөнін­дегі уәкіл.