10 Желтоқсан, 2010

Бұл – Қазақстанның жұлдызды шағы

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Сергей Мироновпен кездесті. Құрметті қонақты қарсы алған Мәжіліс Төрағасы көрші­лес жатқан қос мемлекеттің ара­сындағы ынты­мақ­тастық бай­ла­ныстың қарқынды дамып келе жатқанын, Қазақстан үшін Ресей басты стратегиялық әріп­тес бо­лып табылатынын атап өтті. Жуырда өткен Астана Саммиті ай­рықша тарихи оқиға екенін, оның Қазақстанның жұлдызды шағы болғанын айтты. Сергей Миронов өз сөзін Астана Сам­митінен бастады. «Қа­зақ­стан ЕҚЫҰ Саммитін тамаша өткізді. Мен Сіздерді осы мәрте­белі мис­сия­ны жоғары деңгейде өткізулеріңізбен құт­тықтаймын! Біз қазақстандық дос­тарымызға шын жүректен ри­замыз!»  деді. Тараптар Кеден одағы туралы, Бір­­ыңғай экономикалық кеңіс­тік­тің бо­лашағы, шекаралық ын­ты­мақ­­тас­тық форумдары, сауда айна­лы­мының арта түскені жөнін­де пікір алмасты. Биыл жыл бойы ата­лып өтіп жатқан Ұлы Отан со­ғы­сын­дағы Жеңістің 65 жылдығы жай­лы, мұндай шараның екі елге де қа­тысты екені сөз болды. Мә­жіліс Төрағасы елдер арасындағы ықпал­дастықты арттыруда, Бірың­ғай экономикалық кеңістік­тің келісімдерін бекітуде парламентара­лық бай­ланыстың рөлі зор екенін мәлімдеді. Ресей Федерациясы Федералдық Жи­налысы Федерация Кеңесінің Төр­­а­ғасы Сергей Миронов Мә­жі­ліс­тің Құрметті қонақтар кітабына ізгі тілегін жазып, қолтаңбасын қал­дырды. «Егемен-ақпарат».