10 Желтоқсан, 2010

Туымыз биікте желбірей берсін

842 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Егемен Қазақстан» газетінің редак­циясына Шығыс Қазақстан облысын­дағы этномәдени бірлестіктердің Елба­сының атына жолдаған хаты келіп түсті. Онда олар былай дейді: Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Еге­менді еліміз – Қазақстан Республи­ка­сында Астана Саммиті Деклара­ция­сының қабылдануымен шын жүректен құттықтаймыз! Ыстамбұлдан кейін 11 жыл үзілістен соң қалпына келтірілген жоғары дең­гей­дегі кездесулер өткізу дәстүрін ыстық ықыласпен, ерекше сезіммен қа­былдадық. Тәуелсіздігін таяуда алған мемлекеттердің ішінде Қазақстанның тұңғыш рет осы ма­ңызды халықаралық форумды ұйымдас­тыруы біз үшін зор мақтаныш. Сіздің сарабдал саясатыңыздың нә­ти­жесінде елімізде қалыптасқан ұлт­тар арасындағы татулық, сыйластық біздің болашағымыздың кепілі екендігіне кә­міл сенеміз. Осы дәстүрді біз, Шығыс Қазақстан облысында тұратын бар­лық ұлттар күнделікті өмірімізде  жал­ғас­­тырудамыз. Алып Еуразия құрлығында әр­қашанда бейбітшілік, халықтар ара­сында ынтымақтастық, достық бол­сын деп тілейміз! Тәуелсіз  еліміздің көк байрағы биіктен көріне берсін! Хатқа Шығыс Қазақстан об­лысы орыс этномәдени бірлес­тігі­нің жетекшісі    Н.Зайцев, Шығыс Қазақстан облысы беларусь этномәдени бірлестігінің жетекшісі В.Магазинщиков, Шығыс Қазақстан облысы еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі В.Лебедев, Қазақстан халқы Ассамблея­сының мүшесі К.Наримонян және Қазақстан халқы Ассамблеясы­ның мүшесі Л.Шик қол қойған.