15 Желтоқсан, 2010

«Жәрдем» пойызының тұсауы кесілді

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кә­рім Мәсімов «Жәрдем» консуль­та­тив­тік-диагностикалық меди­ци­на­лық пой­ызының тұсауке­се­рі­не қатыс­ты, деп хабарлады Пре­мьер-Ми­нистрдің баспасөз қызметі. Мамандандырылған темір жол құрамымен Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, Ден­саулық сақтау министрі Салидат Қайыр­бе­ко­ва және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин таныстырды. «Дөңгелекті емхананы» жасап шығару және жіберу ТЖМ, ДСМ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ өзара іс-қи­мы­­лымен жүзеге асырылды. «Жәр­дем» пойызы жекелеген стансалар мен бөлімшелерде тұратын халық­қа, те­мір­жолшылар мен олардың отбасы­ла­рына медициналық қыз­мет көрсету мақсатында құрылған. Пойыз, со­ны­мен қатар, төтенше жағ­дайларда шұ­ғыл көмек көр­сетуге арналған. Ауқымды төтенше жағдайлар кезінде осы пойыздың қызметкерлері кез келген өңірдегі көптеген зардап шеккендерге меди­циналық көмек көрсетіп, жедел операциялар жасай алады, сондай-ақ зардап шеккендерді басқа жерге көшіруге және уақытша ауруханаға жатқызуға мүмкіндік бар.