Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес қаулы етемін: 1. Бейбітшілік пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенімді нығайтуға қосқан айрықша үлесі және түркітілдес елдердің арасындағы мәдени-рухани қатынастарды дамытуға бағытталған белсенді қызметі үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының 2010 жылғы Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы Әзірбайжан Республикасының халық әртісі Полад Бюльбюль Оғлына берілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 13-і №1121