16 Желтоқсан, 2010

Дәуірдің бетін дана ашады

554 рет
көрсетілді
40 мин
оқу үшін

ЕҚЫҰ Саммитінің бірінші рет ТМД кеңістігінде, соның ішінде шығыс елі Қа­зақ­станда өтіп, онда Астана декларациясының қабылдануы бұл ұйымның та­ри­хын­да жаңа бір дәуірдің бас­тал­ған­дығын көрсетіп берді. Сөйтіп осы құжаттың өмірге келуімен мұнда тұңғыш рет еуро­атлантикалық қауіпсіздік пен еуразиялық қауіпсіздік сөздері қатар аталып, бір арнада біріктірілді. Мұның өзі бұдан кейінгі уақыттары батыс пен шығыс­тың қауіпсіздігі ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерді қатар алаң­да­та­тын­ды­ғын, ендігі ке­зекте ЕҚҰЫ-ның қызмет аясы Ванкувер мен Владивостокқа дейінгі аралықты ға­на емес, сонымен қатар дү­ние­жүзілік мұхиттардың басын қосып жатқан үлкен саяси кеңістікті қам­титындығын білдіреді. Бұл – осынау халықаралық ұйым­ның алдында шын мәнінде де жаңа дә­уір­дің есігінің ашылуы болып табылады.

Мұндай жаңадәуірлік міндет жүгін арқалауға, оның бірқатар объективті алғышарттары қа­зір­дің өзінде қалыптасып үлгергенімен, ЕҚЫҰ өз бетімен келе қойған жоқ. Саммиттің өту барысында көп­теген елдердің көш­бас­шы­ла­ры­ның атап көрсеткеніндей, бұл – біздің Елбасымыздың сол бір мін­дет­ті түрде бас­та­луға тиісті тарихи объективті үдерісті жұрттан бұрын көріп, байқап барып, ба­тыл әрекетке кірісуінің жарқын көрінісі және халықаралық деңгейдегі үлкен ұйым­дас­тырушылық қыз­метінің жемісті нәтижесі болды.

Жалпы, дәуір дегеніміз не? Ол қалай басталады? Дәуірдің жүгін арқалауға лайықты та­рихи тұл­ға­лар қалай айқындалады? Төменде осы сұрақтарға Елбасы қызметі мен рө­лін басқа тарихи тұл­ғалармен салыстыра отырып терең талдауларға сүйеніп жауап беруге ұмтылған «Қа­зақ­тү­рік­мұ­най» БК» АҚ бас директоры Нұрпейіс Мақашевтың та­нымдық негіздегі мақаласын ұсынып отырмыз.

ХIХ ғасырда өмір сүрген орыстың ұлы сыншысы Виссарион Белинскийдің со­ңын­­да қалдырған еңбектері әлі күнге дейін осы елдің көркем әдеби сы­нының эталоны ретінде қо­ғамдық санада үлкен рөлге ие бо­лып келеді. Міне, осы Белин­скийдің Александр Пуш­киннің орыс патшасы Борис Годунов ту­ралы драмалық поэ­масын жан-жақ­ты талдай келе дана адам мен талантты адам арасындағы айыр­машылықты ай­­шықты ашып көр­сете кететін тұстары бар. «Адам қызметінің қай саласында болма­сын да­ныш­панның пайда болуы ал­дағы өмір жаңаруының хабар­шы­сындай болып келеді де рухтың қайнаған шығарма­шы­лық қуатының сілкіністерін ту­ын­дата бастайды. Өйткені да­на­ның өмірі мен қызметі қоғамға жа­ңалықтарды енгізе отырып жә­не солар арқылы оны алға қа­рай, өмірдің неғұрлым жо­ға­ры са­тысына қарай бастау үшін ар­налады. Демек, кез келген елде да­нышпанның пайда болуы ха­лық­тың өмірінде жаңа бір дә­уір­дің басталуын білдіреді», деп тү­йіндейді Белинский.

Ал немістің ұлы философы, диалектикалық идеализмнің не­гізін қалаушы Георг Гегель әлем­дік тарихи тұлғалар деп өзде­рінің жеке мүдделері Әлем­­дік рух пен Тарихи сана еркіндегі субс­танционалдық эле­мент­тен құ­­ралған аздаған көр­некті адамдар тобын атаған. «Олар өзде­рі­нің мақсаттары мен қызметін ма­засыз, тәртіпке түс­кен құбы­лыс­тар­дан емес, маңызы әлі ашыл­маған, әлі де «жер астында» жа­сырын жат­қан, бірақ жұ­мырт­қаны жарып шығу үшін әлсіз ғана қозғалыс білдіретін балапан секілді жер бетіне шығуға ұм­тылатын, яғни көпшілік үшін бейтаныс құбы­лыстардан туын­да­тады. Олар тек саяси және прак­ти­калық қайраткерлер ғана емес, сонымен қатар заман үшін ненің қажеттігін және не істеу қажеттігін түсінетін, көп­ші­лікті өз соңынан ерте алатын ой­лы адамдар, рухани жетекшілер болып табылады. Бұл адамдар маңызы әлі дәлел­денбеген тарихи қажеттілікті санамен түйсініп, жүрекпен сезіну ар­қылы инстинкті түрде ұғынып, соған жетуге күш салады. Сондықтан да мұндай адам­дардың өз әре­кет­те­рі мен істерінде еркін болуының ма­ңызы зор. Бірақ әлемдік тарихи тұлғалардың үлкен тра­ге­дия­сы сонда, олар «өздеріне өздері ие емес», олар Әлемдік рухтың қолындағы белгілі бір мақ­сат­тарға арналған құрал ғана. Әри­не, жай құрал емес, аса қу­атты да құ­діретті құрал» дейді Гегель.

Егер осы тұжырымды қазіргі Қазақстан жағдайына қарай бейімдей айтатын болсақ, еліміз үшін жаңа дәуірдің есігін ашып бер­ген Елбасымыздың мем­лекеттік қайраткерлігі мен қо­ғамдағы қыз­метінің рөлі біздің қазіргі ба­ға­лау­ларымыздан гөрі де әлде­қай­да жоғарыда болып шықпақ.

Өйт­кені қоғамда туын­дайтын жа­ңа дәуірдің есігін дұрыс ашу үшін саяси тұлғаның дана болуы шарт екен. Басқадай жағдайда үл­кен қателіктер орын алуы, со­ның салдарынан қайта қай­та­лан­байтын уақыт пен та­рих­тың біраз жылдары босқа кетіп, халықтың еңбегі мен жігері тасқа ша­был­ған қылыштай ма­йы­рылып тү­суі мүмкін.

Мұндай қателіктердің жаңа мы­салдарын өз тәуелсіз­дік­те­рі­не бізбен қатарлас ие болған бір­қа­тар елдердің қазіргі жағ­дайынан бай­қауға болар еді. Ал мәселені дә­лелденіп үлгерген тарихи шын­дық тұрғысынан қа­рас­ты­ра­тын болсақ, бұған Пуш­киннің «Борис Годунов» дра­малық поэ­масын арқау ете ала­мыз. Пушкин мен Белинскийдің жазуы бойын­ша, Борис Годунов – өте ақылды, та­лантты адам. Өз кезінде ол да ре­формалар ар­қылы орыс өмі­рі­не үлкен өз­герістер енгізбекке әре­кеттенді. Бірақ осының бәрі ақы­рында құмға сіңген судай болды. Неге? Себебі, Борис Годунов ақылды, та­лантты патша бола отырып, да­наның, даныш­пан­ның ісін істеуге ұмтылды. Ақы­ры оның бар­лығы үлкен трагедиямен аяқ­талды. Борис Годунов ен­гізген кре­постнойлық право сол ке­зеңдегі жағдаймен алғанда бір­қатар объективті себептері бол­ғанымен, орыс қоғамында үл­кен дүрбелеңдер тудыра келе ақы­ры кері серпіліп тасталды.

Белинский Борис Годунов әре­­кетін Бірінші Петрдің ре­фор­маторлық қырларымен са­лыс­ты­ра келе былай дейді: «Бас­тап­қы­да талантты адамның салып жат­қан үйі дана адамның салып жат­қан үйіне қарағанда (бұларды, әри­не, мемлекет құ­рылысы деп тү­сінгеніміз жөн – Н.М.) әде­мі­рек көрінеді, сол үшін халық оны көріп, қолдап, мақұлдап оты­ра­ды. Себебі та­лантты адам өзінің жү­рек қалауы бойынша көбінесе инстинкті әрекет ететін дана адам­ға қарағанда бәрін есеппен бас­тайды. Бірақ ақыр аяғында сол әдемі үйдің бір қатты дауыл соққанда құлап түсетін қа­ғаздан салынғандығын көреміз. Міне, да­нышпанның ісін істемек бол­ған талантты адамның тарихи әре­кеті ақыр аяғында осылай аяқталады».

Демек, дәуір дегеніміз – дана­лық­тың сынағы. Ал таланттың пы­рағы дәуірдің үлкен ауқы­мын­да шаба алмайды, оның сынына төтеп бере алмайды. Ол үшін оған даналықтың инстинкті секілді қолтыққа бітер қос қанат керек.

Біз Елбасымызбен бірге жаңа дәуірдің бетін аштық. Жаһандық саясат пен әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық, рухани-мәдени қарым-қа­ты­настар кеңістігінде өзіміздің тә­уелсіз ел ретіндегі жүрер жо­лы­мызды, даму мүм­кін­дікте­рі­міз­ді ай­қындадық. Бар болғаны тә­уелсіздіктің алғашқы 19 жы­лы­ның ішінде қаншама ұлан-ғайыр шаруалар бір-бірімен қат-қабат ке­ліп, жүзеге асу барысында елі­міздің бейнесін өзгертіп, әрбір адам­ның бойында асау арман мен айқын мақсаттардың отын тұ­татты. Бүкіл қоғам серпіліске түсті. Сондықтан отандық, ха­лық­аралық саясаткерлер мен са­рап­шылардың қай-қайсысы бол­ма­сын еліміз­дің ал­ды­нан жаңа­дан ашылған бұл дә­уірді бір да­уыс­пен Нұр­сұлтан На­зар­­баевтың дәуірі деп бағалап отыр.

Расында да «дәуір даныш­пан­ды тудырады, данышпан дәуірді өзгертеді» деп орыстың философ жа­зушысы Геннадий Матюшов айтқандай, еліміздегі бүгінгі өз­ге­рістердің барлығы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет басындағы жанқиярлық ең­бе­гі­мен, сарабдал саясаткерлігімен тығыз байланысты екені ақиқат. Осы саясаттың арқасында еліміз өзі­нің ендігі жүрер жолын, яғни қазақстандық жолды тез тауып, дұрыс бағытқа түсті. Елімізде жа­ңа тұрпаттағы адамдар, кәсіп­кер­лер мен білікті мамандар қа­лып­тасып жетілді. Осындай жол­да­ғы мыңдаған адамдар секілді мен де өзім Елбасы саясатының игі­ліктерін көріп келемін.

Оның үстіне, Қазақстан Кеңес Ода­ғының құшағынан босанған барлық елдерде бірдей алғашқы кезде жаппай етек алған дағ­да­рыс ауыртпалықтарын тез еңсе­ріп, күрт даму арнасына түсуімен қатар халықаралық қауымдас­тық­пен де тез тіл табысып, сырт­қы саясатта да үлкен табыстарға жетті. Қазіргі шақта әлемдегі ең абыройлы ұйымдардың төрінен көрініп жүргеніміз осы жағдай­дың жарқын мысалы. Ал ішкі, сырт­қы саясатта бірдей үйле­сім­ді­ліктің болуы, бәрінің оңынан ке­луі, дүрбелеңге толы дүниеде ың-шыңсыз алға басу, міне осы­ның бәрі бізді бағыттап отырған тұл­ғаның бойындағы көреген­ді­лік пен практикалық қызметтің қа­тар ұш­тасқандығын аңғартса керек. Сонымен Қазақстандағы Нұр­­сұл­тан Назарбаевтың дә­уі­рі дегеніміз – еліміздің жаңа та­ри­­хы­ның басталуы, ғасырға бер­гісіз ұлы өзгерістер кезеңі, бір­неше ға­сырлардан кейін барып ба­сы­мыз­дан кешіріп отыр­ған ға­жа­йып шақ. Қо­ғам­дық форма­ция­лар­дың қалып­та­суы мен дамуы, жалпы уақыт пен кеңістік ұғым­дары тұр­ғы­сынан алғанда қас- қағым сәтке бағаланатын осы 19 жылдың ішінде ұлан-ғайыр істер тын­дырылып, ата-бабаларымыз­дың егемен ел болсақ деген ежел­гі арманы мен соны нақты өмір шындығына айналдырған та­­рихи оқиғалардың легі ас­та­сып, жым­дасып кетті. Әр күні жыл­ға бергісіз деп бағаланатын осы уақыт ағыны үлкенді-кішілі оқи­ға­лар­дың сапырылысқан тол­қын­дарын тудырды. Бұл оқиға­лар­дың мол­дығы сондай, олар­дың барлығы қосыла келіп, қа­шан да болсын өзгермейтін мәң­гі­лік категория – уақыттың өзіне қысым жасап, оның жүрісін ба­рын­ша ширата түскендей. «Уа­қыт­тың жыл­дам­дығына көз ілеспейтін болды», деп шағынады қазір көптеген адамдар. Негізінде өзгеріп отыр­ған уақыт емес, за­ман мен біздің өзіміз ғой. Біз шын мәнінде уақыттың қан­ша­лық­ты қадірлі екендігін, оның неге алтынға бағаланатындығын енді түсіне бастағандаймыз. Өйт­ке­ні біздің барлығымыз да өмір­дің ширақ­тығын, адам іс-әре­ке­ті­нің алым­дылығын әкелген осы дәуірдің куәгерлері, ондағы үл­кен­ді-кі­шілі оқиғалардың қаты­су­шы­ла­ры емеспіз бе?! Мен өз басым құрылысшы жә­не мұнайшы ретінде еліміздің батыс өңіріне алғашқы инвес­тор­лар­дың қалай келгендігін, инвестициялар ағыны осы өңірді, оның негізгі тіршілік тұтқасы – мұ­най кәсіпшілігін қандай өз­ге­ріс­терге бастағандығын көрдім. Оның үстіне, нарықтық қаты­нас­тар орнықтырылып, бүкіл эконо­ми­камыз, сонымен қатар адам­дар­дың тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру қағидаттары өзгерді. Ескі мен жаңаның күресі әрбір отба­сын­да, адамдардың санасында әр күн сайын білінбей жүріп жатты. Оноре де Бальзактың: «Көптеген ұлы данышпандар ғасырлардан оз­са, кейбір талантты жандар жыл­дарды ғана артқа тастай алды», деп жазғанындай, ақыр ая­ғында, біздің Қазақстан Елба­сы­ның дана басшылығының нә­ти­жесінде тек Орталық Азияда ғана емес, бүкіл ТМД бойынша ба­рынша жылдам өзгерген елге айналып, даму жағынан көптеген елдерді басып озып, алға шығып, жаңа дәуір биігіне еркін өрледі. Ал бұл өзгерістер қалайша бас­талып, қалайша жүзеге асып еді? Менің ойымша, Қазақстан­да­ғы бүгінгі өзгерістерге серпінділік берген қуатты қоз­ға­лыс ағы­ны еліміздің мине­рал­ды шикізат ресурстарына, со­ның ішінде мұнай-газ сек­то­рына алғашқы ин­вести­ция­лар­дың келуінен ту­ын­­даған бо­латын. Кеңес Одағы та­рардан үш жыл бұрын М.Горбачев Қа­зақстан басшылығына Аты­рау қа­ласының оңтүстік-шы­ғы­сын­дағы 160 шақырым қа­шық­­тықта ор­наласқан Теңіз мұ­най кен ор­нын игеру жөнінде аме­рикалық «Шеврон» ком­па­ния­­сымен келіс­сөздер жүргізуге рұқсат берген еді. Алайда Мәс­кеу­дің сенімсіздік көрсетуіне бай­ланысты бұл келіссөздер көп өт­пей тоқтап қалды. Тек Қа­зақ­стан өз тә­уелсіздігіне ие бол­ған­нан кейін, анығырақ айтсақ, 1993 жыл­дың сәуірінде барып, «Шеврон» ком­па­ниясы Теңіз кен ор­нын пайдалану құқығына ие бол­ды. Осыған орай «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны құрылды. Қа­зақстан үшін бұл жоба мұнай өндірудің әлемдік деңгейдегі жаңа технологиясын және ноу-хау менеджментін енгізген бірінші жоба еді. Бастапқы капитал 1,5 миллиард долларды құрады. Шев­рон сондай-ақ кен орнын пай­даланудың келісім-шартта көр­­сетілген кезеңі ішінде 20 миллиард доллардың инвес­ти­ция­сын салуды міндетіне алды. Ал түсетін табыс екі жаққа тең бөлінетін болды. Әрине, осы келісімдердің бар­­лығы оңайлықпен келген жоқ. Теңізден алынған мұнайдың өзі қандай бағытпен сыртқа жө­нел­ті­леді деген мәселенің айна­ла­сын­да біраз уақытқа дейін үлкен пікірталастар жүргізіліп келді. Қазақстан үшін тиімді саналатын мұнайды құбыр бойынша Түркі­мен­стан мен Иран арқылы Пар­сы шығанағына дейін жеткізетін төте бағытқа АҚШ қарсы болды. Ал Ресей, өз кезегінде, шикі мұ­най­ды өз аумағы арқылы Қара те­ңізге тасымалдауға рұқсат бергісі келмеді. Мәселе тек 2001 жы­­лы қазан айында Каспий тұр­ба құбыры қаланғаннан кейін ба­рып шешілді. Бастапқыда бұл құ­бырмен жылына 28 миллион тон­на мұнай жөнелтілсе, кейіннен оны 67 миллион тоннаға дейін жеткізу көзделінді. 1992 жылдан бастап, Қазақ­стан­ның мұнай-газ саласына «Ад­жип», «Бритиш газ» секілді әлемге әйгілі компаниялар инвестиция сала бастады. Әрине, ба­тыс­тық компаниялар үшін Кеңес Одағының құшағынан енді ғана босанған, саяси-экономикалық, құ­­қықтық жүйелері толық ай­қын­далып болмаған бейтаныс елге қаржы салу ісінің тәуекелі мол болғандығы түсінікті. Сондық­тан олар өз инвес­ти­ция­ларының қорға­ла­тындығы жө­нін­дегі ке­піл­діктің неғұрлым жоғары дең­гейде болуын қа­лағандықтан атал­ған компаниялармен келіс­сөз­дерді Елбасының өзі жүргізді. 1993 жылы Ресейдің «Лукойл» ком­паниясы мен қазақ­стандық «Южнефтьгаз» бірігіп, «Құмкөл-Лу­койл» бірлескен кә­сіп­орнын құрды. Мұнай-газ саласында шетелдіктермен бірлесіп құрылған алғашқы компания «Қазақтү­рік­мұ­най» бірлескен кәсіпорны жұмыс істеп тұрды. Қарашы­ға­нақ кен ор­нында «Karachaganak Operating B.V.» консорциумы құ­рылып, оның құрамына бри­тан­дық, итальяндық, америкалық және ре­сейлік компаниялар енді. 1997 жылдың көктемі мен жа­зында негізгі инвестициялар елі­міздің минералдық шикізат кешеніне келіп түсті. Инвести­ция­лар­дың 85 пайызына жуығын ше­телдіктер әкелсе, оның 60 па­йызы көмірсутегі шикізатын өн­діруге бағытталды. Инвес­тиция­лар­дың алғашқы тасқынының өзінде-ақ ел еңсесі тез көтеріле бас­тады. Мәселен, бастапқы 1994-1999 жылдардың аралы­ғын­да-ақ Қазақстан экономикасы ин­вестицияның жан басына шақ­қан­дағы көлемін көршілес Өз­бек­станнан 14 есе, Тәжікстанмен салыстырғанда 20 есе көп алды. Осы фактор Қазақстанның көр­ші­лес елдерден суырылып алға түсуіне, мемлекет бюджетін то­лық­тырып, басқа да салалардағы жағ­дайды жедел түзетуге мүм­кін­дік берді. 1997 жылдың кү­зін­де Елбасымыз өзінің ел бо­ла­ша­ғы­на деген нық сенімге толы әйгілі «Қазақстан-2030» стра­те­гия­сын халық алдында жария­ла­ды. Болашақ «қазақстандық жол­дың» негізгі сұлбасы осы құ­жат­тың өзінде қаланып қойылды. Абай атамыздың: «Адамның адам­шылығы істі қалай бас­та­ға­ны­нан білінеді, қалай аяқта­ған­ды­ғынан емес», деген сөзі бар. Ал Холмз: «Бұл әлемде ең бас­ты­сы – біздің қай жерде тұр­ға­ны­мыз емес, қандай бағытта жыл­жып барамыз – міне, сонда», деген екен. Расында бәрі де бас­тап­қы әрекеттің қай істен қалай бас­тал­ғандығына және қайда бағыт алғандығына байланысты шешіледі ғой. Қазақстан үшін бүкіл эко­номиканың локомотивіне айнала алар бірден-бір сала елі­міздің минералды шикізат көз­де­рі, соның ішінде көмірсутегі ре­сурстары болатын. Әп де­ген­нен-ақ барлық істің басын ашар осы саланы стратегиялық мақсат үшін дұрыс таңдау, осы іске бі­рін­ші кезекте қозғау салу либе­рал­дық нарық экономикасы жағ­да­йында «сиқыршының таяғын» қолға ұс­тат­қанмен бірдей болып шық­қан­ды­ғын енді көріп отырмыз. 1974 жылы 1 баррель мұнай­дың бағасы әлемдік рынокта бар болғаны 2,83 долларды ғана құ­ра­ған екен. Осыдан 10 жыл өт­кен­де ол 30 долларға дейін кө­те­ріл­ді. Ал бұдан екі-үш жыл бұ­рын 140 долларға дейін шарық­тап барып, әлемдік қаржы-эко­но­ми­калық дағдарыстың ықпалы­мен қайта құлдырады. Қазір 70-80 дол­лар­дың айна­ла­сында қа­лып­­тасып отыр. Жал­пы, мұ­най­дың ба­ғасы әлем­дік саясат пен ры­­нок­та бо­лып тұ­ратын өзге­ріс­тер­ге бай­­ланысты ба­рынша ау­ыт­­қымалы бо­лып келеді. Бі­рақ қа­лай алып қарағанда да оның бағасы жедел өсуге бейім. Міне, осындай ресурс көзін іске қосып қана қоймай, әлемдік рынокқа интеграцияланған ашық эко­номикалық саясат жүргізудің және шикізат көздерінен түскен пай­даны басқа салаларға да жұ­ғыс­ты етудің нәтижесінде Қа­зақ­стандағы шешімін күткен көп істің ыңғайы бірінен кейін бірі қию­ласып жү­­ре берді. Енді Қа­зақ­стан эконо­ми­касының капи­тал­д­а­нуына, кәсіп­керлік құры­лым­дардың жетілуіне байланыс­ты мемлекет неғұрлым күрделі мә­селелермен шұғылдана бас­та­ды. Негізгі назарды шикізат ре­сур­старын тереңдетіп өңдеу ісіне қа­рай аударды. Бұл істе де әп де­ген­нен-ақ үлкен табыстарға жетіп отырмыз. Мәселен, айна­ла­мыз­дағы кейбір елдер жылына бес-алты тұрғын үй немесе екі-үш мектеп тұрғыза алмай тұ­ра­лап жатса, біздің еліміз биылғы жылдың өзінде 154 ин­дус­трия­лық-инновациялық жобаны іске қоспақ. ТМД-ның көптеген мемлекеттері өз қа­­­­лаларын қа­­­­­­­­­­­лайша жа­мап-жасқау мә­­­­­се­ле­­­сін ше­­­ше ал­май от­ыр­ғанда Қа­­­­­зақ­стан өзінің жа­ңа ас­­та­на­сын салып та тас­та­ды. Сөй­тіп, Ел­басы жа­ңа дәуірдің есігін ба­рын­ша ба­тылдықпен ашып қана қой­май, бір жүйеден екінші жү­йеге кө­шу­дің өзіндік сәтті жолын көр­сетіп берді. Осы фактілер Қа­зақ­станның аз уақыттың ішінде өзі­нің әлеу­мет­тік-экономикалық мә­се­лелерін өз бетімен жедел шеше алатын қуатты мемлекетке, әлеуетті елге айналып отырғандығын білдіретін жағдай. Осы ғажайып шақтың әрбір сәтін сан қырлы күрделі жәйт­те­рі­мен қабаттастыра отырып дер кезінде көрсетсек деген ниетпен бұдан біраз уақыт бұрын «Қа­зақ­стан: Нұрсұлтан Назарбаевтың дә­уірі» деген тақырыпта кітап жаз­ған едік. Ал осы мақалада сол кітапта жазылғандарды қай­та­ла­май-ақ бізге дейін адамзат қо­ға­мында тарихи тұлғалар туралы қалыптасқан қағидаларға сүйене отырып, Елбасы қызметінің жекелеген қырларын ғана сөз етуді жөн көрдік. Жалпы, адамзат тарихында түр­лі бұрмалаушылық құбылыс­тары, басты бағыттарды белгі­леу­де қателіктер жіберу мен жолдан жаңылулар аз кездеспегенімен негізінде тарихи даму үде­ріс­тері белгілі бір обьективті заңдылықтарға сүйеніп жаса­ла­тын­дығы белгілі. Ол заңды­лық­тарды халықтың ерік-күші мен қа­лауына байланысты сол үде­ріс­тердің басында тұрған тарихи тұлғалар анықтып отырады. И.А. Ильиннің анықтауы бо­йын­ша, «Халық дегеніміз – бөл­шек­тен­ген және бытыраңқы жағ­дайдағы біртұтас ұлы көпшілік. Халық­тың бойындағы жа­сам­паздық қуа­­ты мен өмір сүруге де­ген ын­тасы, оны әркез та­би­ғаттың өзін­де бар магнит өрісі секілді бірігуге қарай бейімдеп тұрады. Міне, осы бірігуге ың­ғайы бар рухани ерік-күш, ең алдымен, бірігу факторына өзек бола алатын бір орталықты – халықтың мемлекеттік рухы мен құқықтық еркін бойына жи­нақ­тай алатын ақылы мен тә­жі­рибесі мол тұл­ға­ны қа­жет­сінеді. Былайша айт­қан­да, халық жаң­бырды күткен құр­ғақ жер секілді осындай тұл­ға­ның пайда болуын жалықпай тосады. Ал ондай көсем бол­ма­ған жағ­дай­да халықтың қуаты мен күші арна бұзатын асау тол­қын секілді өте қауіпті жағдайға түсуі, жо­лын­дағыны жапырып, тал­қандап ке­туі де әбден мүмкін». Ежелгі Рим философы Ци­це­ронның айтуы бойынша: «Әрбір қажеттіліктен мемлекет, яғни қо­ғам мақсаты жолындағы болуы мүм­кін пайданы айыра білу, тіпті ел үшін қауіпті де қатерлі сәт­тер­дің өзінен мемлекет мүддесіне сәйкес жақсылықтарды таба білу шынайы мемлекеттік қайрат­кер­дің өзіндік айрықша белгісі бо­лып табылады». Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бойында дәл осын­­дай қасиеттердің бар екенді­гіне сан мәрте көз жеткізіп келеміз. Мәселен, Қазақстан өз тә­уел­­сіз­дігінің 19 жылы ішінде көп­­теген қиындықтарды бастан кешіргенімен, солардың бәрінен ұтыс­пен шығып келеді. Еліміз тәуелсіздікке ие болған тұста көп­­теген саясатшылардың Қазақ­стан­ның көпұлттылығын оның басты міні ретінде көргені де рас. Тіпті, Рейганның қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болған Збигнев Бжезинский өзінің «Ұлы шахмат тақтасы» атты кітабында Қазақстан нақ осы жағдайға бай­ланысты үлкен жанжалдың мекеніне айналып кетуі мүмкін деген қауіпті болжамын жасаған бо­ла­тын. Қазір енді қарасақ, көп­ұлт­тылық біздің кемшілігіміз емес, керісінше, артықшылы­ғы­мыз ретінде көрініс беретіндей. Оның үстіне еліміздің бүкіл әлемде ауыр ізін қалдырған соң­ғы қаржы және экономикалық дағ­­­дарыстан тез шығып қана қой­­май, осы қиындықтың өзін түбі үлкен жақсылыққа ай­нал­ды­ратындай жағдайда, ұпайын ба­рын­ша түгендеп шыққандығы да бай­қала бастады. Дағдарыстан ке­йін біздің елімізге шетелдік делегациялар, бизнес қауымдастық өкіл­дері жиі келуде. Олар Қазақ­станды бүгінгі мазасыз әлемдегі тұрақтылық аралының бірі ретінде қабылдауда. Мұның өзі, біздің ойымызша, елімізге жаңа инвес­тициялардың келуіне жол аша­тыны анық. Егер осыған дейінгі ел билеген тарихи тұлғалардың өз ха­лық­тарының алдындағы тарихи рөлі мен қызметіне және тарихтан алған бағаларына көз жіберіп, салыстырмалы түрде қарас­тыратын болсақ, біздің Елбасы­мыздың мемлекеттік қайрат­кер­лік әрекеттерінің бірсыпыра­сы­нан Ресейдің ұлы императоры Бірінші Петрдің реформаторлық қол­таңбасын байқауға болар еді. Нұрсұлтан Назарбаев та бір кез­дегі Бірінші Петр секілді тә­уелсіз Қазақстанның жаңа аста­насын тұрғызды. Бір ерекшелігі – ешбір күштеусіз және барынша жедел тұрғызып, оны халық­аралық басқосулардың мекеніне айналдырды. Нұрсұлтан Назарбаев бір кездегі Бірінші Петр секілді Қазақстан үшін Еуропаға терезе ашты. Елімізді Еуропалық одақ­тың, оның бірқатар жетекші мем­ле­кеттерінің, алып ел АҚШ-тың, ұлы көршілеріміз Ресей мен Қытайдың өңір бойынша стра­те­гиялық әріптесіне айналдырды. «Еу­ропаға жол» бағдарламасын жасатып, әріптестіктің стра­те­гия­лық бағыттары мен жүзеге асыру жолдарын белгіледі. Қа­зақ­станда тұңғыш рет жастарды Еуропаның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына аттан­дырып, оның ілімі мен білімін, мәдениетін игерудің соқпақты жо­лын салды. Мұның нәти­желері мен игіліктерін еліміз ал­дағы уақытта көретін болады. Нұрсұлтан Әбішұлының Еу­­ро­паға қарай терезе ашуы­ның тағ­дырлы тарихи маңызы сонда, бұл саясат біздің Қа­зақ­станды ке­шегі Кеңес Ода­ғы­ның, бүгінгі ТМД-ның бір шетінде жатқан шеткері ай­мақ­тан Еуропа мен Қытайды, жалпы, Азия атты алып құр­лық­ты жалғастырушы орта­лық өңірге, аралық алтын көпірге айналдырудың көкей­кес­ті мүддесін көздейді. Қазір біздің елімізде салынып жатқан Батыс Қытай – Батыс Еуропа автокөлік жолы, Қытай мен Ресейге қарай тартылған мұнай мен газ құ­бырлары, салынып жатқан темір жол телімдері мен Ақтау халық­аралық теңіз портының іске қо­сы­луы, Каспий мен Қара теңіз жағалауындағы бірқатар елдерден Қазақстан үшін мұнай және астық терминалдарын сатып алу және салу істерінің жобалануы – міне, бұлардың барлығы аталған мақсатты жүзеге асырудың бас­тап­қы және негізгі шаралары болып табылады. Елбасымыздың өзі бұл жайында “Қазақстан эко­но­микалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты халыққа арнаған Жолдауында: “ХV ғасырдың соңына дейін Ор­та­лық Азия әлемдік эконо­ми­каның маңызды өңірі болып келді. Біздің өңіріміз Шығыс пен Батысты жалғастырып жатты. Ха­лықтар аумақтар мен ұлттарға бөлінген жоқ. Жібек жолының саябыр тартуы Орталық Азияны мешеу шет аймаққа айналдырды. Тәуелсіздік алғанымыздан кейін соңғы 500 жылда алғаш рет біз­дің өңіріміз әлемдік эко­но­мика үшін қайтадан эконо­ми­калық ма­ңызға ие болды. Біз өзіміздің тран­зиттік мүмкіндік­те­рімізді ны­­ғайтып келеміз, әлемдік на­рық­қа бағалы тауарлар – мұнай, газ, кен, ауыл шаруа­шы­лығы ши­кізатын шығаратын өңірге айнала бастадық. Қазірдің өзінде ша­ма­мен көне Жібек жолының бо­йымен өтетін ХХІ ғасырдың жаңа мұнай-газ құбыр­ла­рының, авто және темір жол­дарының сұлбалары айқындала бастады”, деп атап көрсетті. Елбасының осы сөзі біздің елі­мізде жедел түрде жүріп жат­қан әлеуметтік-экономикалық өз­ге­рістердің, миграциялық, ур­ба­низациялық дүмпулердің және басқа да өзгерістердің негізгі себебі мен терең мәнін барынша дөп басып, ашып тұр деп ой­лаймыз. Міне, осының бәрі тә­уелсіздік пен соның туын кө­тер­ген Елбасымыздың дана сая­са­тының жемісі. Бодан елдің басына үйірілген надандық түнегін алғашқ­ы­лар­дың бірі болып жарып шыққан қа­зақтың ұлы ағартушы ғалымы Шоқан Уәлихановтың: «Елдің дұ­рыс дамуы үшін, ең алдымен, оның басы азат болуы керек», деп дөп басып айтқанындай, тә­уел­сіздік біздің – тірегіміз, тә­уел­­сіздік біздің – жүрегіміз. Біз­дің қазақ халқы үшін одан ар­тық қастерлі ұғым жоқ. Оған ие болу оңай емес еді, ал оны ұстап тұру, баянды ету – қиынның қиыны. Сан түрлі шаруаның, сан түрлі саясаттың қисынын табу қажет. Алып елдердің ортасында оты­рып, солармен тату көрші­лікпен және тең дәрежеде өмір сүрудің мүмкіндіктерін қамтамасыз ету керек. Міне, осы жолда бізді адас­­тырмай бастап қана қоймай, халық­аралық кеңістікте Қазақ­стан беделін көтере білген Ел­басымыздың ерен еңбегіне тәнті болмай тұра алмаймыз. ЕҚЫҰ-ның Астана саммиті – сол бе­дел­дің жарқын дәлелі. Ал енді өзіміздің түркі әле­міне көз тігетін болсақ, Елбасы­мыз­дың қазіргі жасап жатқан әре­кеттері Түркияны ескі салт-сана мен заңдардың құшағынан жұлып алып, жаңа дүниеге бас­таған Түрік Республи­ка­сы­ның бірінші президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің қайраткерлік қа­ры­мын еске салады. Түрік елі – біздің бауырласымыз әрі стра­тегиялық әріптесіміз. Қазақстан тәуелсіздігін бірінші болып та­ныған да Түркия болатын. Осы Түр­кия Қазақстанның аз жыл­дың ішінде жеткен үлкен жетіс­тік­терін лайықты бағалауда. Түр­кияның қазіргі Президенті Абдолла Гүл биылғы жылы Қазақ­станға келіп, Елбасымыздың қо­лына билік асатаяғын ұстатып, Түркі әлемінің ақсақалы деген ат берді. Түркі халықтарының жал­пы саны 150 миллион шамасын­да болса, соның жартысына жу­ы­ғы Түркияда тұрады. Міне, осындай бауырлас үлкен елдің берген бағасынан артық қандай құрмет болуы мүмкін. Оның үстіне еліміз мұсылман әле­мінде де үлкен беделге ие. Келесі жылы 57 елдің, 1,2 миллиард адамының басын қосып отыр­ған Ислам конференциясы ұйымына да төрағалық етпек. Қазақстан халықаралық аренада осындай биік беделге қалай ие бол­­ды? Ең алдымен, өзінің бей­біт­сүйгіш саясаты, ынтымақ­та­­суға деген ниеті арқылы ие болды. Қазақстанның бейбіт­сүй­гіш саясаты, әсіресе, Семей по­ли­­го­ны­ның жабылуынан жарқырай көрінді. Осы жө­нінде биылғы жылы Вашингтонда өткен жа­һан­дық қауіп­сіздік мәселесіне арналған саммитте АҚШ Президенті Барак Обаманың өзі Қазақ­станды ядролық қарусыз­дану жөніндегі әлемдегі көш­басшы ел деп атап, Елбасының осы са­ладағы және мемлекет бас­қару­дағы қызметін жоғары бағалап, Қазақстанды әлем елдеріне үлгі етті. Бұл – бүкіл әлем төрінде Қазақстан жұл­дызы жарқыраған ерекше бір тарихи сәт еді. Елбасының бастамашыл­ды­ғымен тағы бір интеграциялық үдеріс Кеден одағының құры­луына дейін жетті. Ал бүкіл­азиялық шеңбер бойынша айт­сақ, АСӨШК үдерісі еске түседі. Оның бастамашысы да – Қазақстан. Сонымен қатар, Қазақстан соңғы бес-алты жылдан бері әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері басқосып, адам­зат­тың алдындағы түрлі қатерлерді тал­қы­лайтын тұрақты мекенге ай­налып келеді. Шындығын ай­татын болсақ, дінаралық келіс­пеу­шілік пен қақтығыстар осы уақытқа дейін адамзат бастан кешіп келе жатқан кикілжіңдер арасындағы ең бір күрделісі болып табылады. Өйткені, дінге деген көзқарас, ең алдымен, дүниені тануға деген көзқарасты қалыптастырады. Бұл – сана мен материя қарым-қатынасындағы ең басты мәселе. Жекелеген адамдар мен топтар, тіпті тұтас халықтар үшін кейбір жағдайда дінге деген сенім бәрінен де жоғары тұр. Осы үшін адам­дардың өздерін құрбан ететіндігін бәріміз де көріп-біліп жүрміз. Демек, әлемдік діндердің жә­не конфессиялардың басын қо­сып, бір шаңырақ астына жинау дегеніміз – өте күрделі және өте абзал дүние. Егер әлемдік діндер бір-біріне жақындасатын болса, онда бірнеше әлемдік діннен, сан түрлі конфессия мен ұлттан тұратын адамзат қауымы түрі мен тілдік айырмашылықтарына қарамастан бір-бірімен жақын­даса түскен, өзара тіл табысқан болар еді. Ал, енді, Қазақстанның осын­дай өнегелі істерінің нәтиже­сінде ЕҚЫҰ-ға төраға болып сайлануын, онымен қоймай оның саммитін өткізу ісін ұйымдас­тыруын еліміздің бейбітсүйгіш саясатының өзіндік бір кульми­на­циялық шарықтау сәті деп бағалаған болар едім. Сөз жоқ, Нұрсұлтан Назарбаев – әлемдік тарихи үдерістерге ықпал етіп келе жатқан саяси қайраткер. Олай дейтін себебіміз, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың сарапшылары адамзат өміріндегі саяси және әлеу­меттік-экономикалық өз­ге­ріс­тер­дің тасқындарын тудырған ХХ ғасырдағы сансыз саяси оқи­ға­лардың арасынан оншақ­тысын бөле қарастырып, оларды өткен ғасырдың ең маңызды құбы­лыс­та­ры деп атаған екен. Ол құ­бы­лыстар – бірінші дү­ние­жүзілік соғыс, ұлы Қазан төң­керісі, КСРО-ның құрылуы, ұлы де­прес­­­сия, екінші дүниежүзілік со­ғыс, ғылым мен техниканың жедел дамуы, әлемнің социалистік және капиталистік лагерьге бө­лі­нуі, қырғи-қабақ соғыс, ядролық қаруланудың басталуы, КСРО-ның және социалистік лагерьдің ыдырауы, ТМД-ның пайда бо­луы, экологиялық про­блеманың ұшқындауы, адамзат санының жедел өсуі. Міне, осы құ­бы­лыс­тардың ішінде дүниені дүр сіл­кін­дірген жаңалық КСРО құ­ла­ғаннан кейін ТМД-ның пайда болуында, ядролық қару­ла­ну­мен күресте біздің Елба­сы­мыз­дың үл­кен қолтаңбасы бар. Осындай оқиғаға байла­нысты Ресейдің белгілі сая­сат­танушысы Юрий Солозобов айтқан мына пікір назар ауда­рарлықтай: «Егер шынын ай­татын болсақ, Нұрсұл­тан Әбіш­ұлының посткеңестік кеңістікті түгелдей бір арнада біріктіруші тұжырымдамалық дің­гек болып табылатын көптеген интегра­циялық идеялардың иесі екендігі белгілі. Бірінші қатар­да­ғы бұл саясат жұлдызы жа­ры­лысқа тап болған Кеңес Одағы галак­тикасындағы ыдырау үде­ріс­терін әлі күнге дейін тоқ­та­туға себепші болған қажетті ин­тел­лектуалдық тартылыс заң­ды­лы­ғын айқындап берді. Шын мә­нінде біз қазір өмір сүріп жат­қан әлемді тек Нұрсұлтан Назарбаев қана қисынын тауып, құра білді. Мұны қазір посткеңестік ке­ңіс­тікте өмір сүріп жатқан көптеген адамдар жақсы біледі және бағалайды», деді. Бұл – Елбасының халық­ара­лық ауқымдағы саяси қызметіне берілген баға. Білікті, кәсіби сая­сат­та­ну­шы­ның бағасы. Ал ха­лық­тың қан­дай баға беретіндігіне төрелік айта алмасақ та, ол бағаның қарапайым, бірақ ба­рынша әділ болатындығына дау жоқ. Өйткені, көпшіліктің берер бағасы саясат сарапшысының ба­ға­сындай терең болмауы мүмкін, бірақ ол қашанда болмасын субьективтіліктен тыс тұрады. «Халық дегеніміз – қызық жаратылыс, – дейді В.Белинский. – Былай қарағанда қорғансыз, шектеулі, надан, соқыр, тұр­пайы тобыр есебінде көрінетін ол – өзінің түйсігі (инстинк) арқылы қашан да болмасын шынайы және әділ. Міне, осы жағынан ал­ғанда, жекелеген билік иеле­рінің алдамшы уә­десіне ха­лық­тың біраз уақыт алдануы мүмкін, бірақ ол ұзаққа бар­майды. Асылы, ха­лық өзін шын жү­ре­гімен жақсы көрмей, жақ­сылықтың бәрін әл­дебір есеппен жасаған тұл­ғаны, ол қан­шама ақша төгіп, жағдай ту­ғызса да сол жақ­сылықтары үшін оның мақ­тауын асыруы мүм­кін, бірақ еш­уақытта сүйе алмайды. Ал егер билік иесі халықты шын жү­регімен, шы­найы ішкі дү­ниесімен жақсы көріп, сол үшін халықтың қа­лауынан тыс, яғни уақытша қиын­дық әке­летін қан­шама әре­кет­тер жаса­ға­ны­мен, халық оны осы үшін сөгуі, жа­ман­дауы мүм­кін, бірақ бәрібір оған деген сүйіс­пен­шілігін жа­сыр­майды». В.Белинский өзінің осы тұ­жы­рымына дәлел ретінде Борис Годунов пен Бірінші Петр­ді са­лыстырады. Бірінші Пет­р­дің кезінде Ресейде ауыр реформалар жүргізгені, бояр­лардың сақалын күзеп, ха­лық­ты еңбекке таяқпен айдағаны, Еуропаға есік ашу жолында ха­лықты көп қиын­дық­қа сал­ғаны, барынша қатал, аяу­сыз болғаны белгілі. Бірақ соған қарамастан Бірінші Петрді орыс халқы сүйеді және атын еш­уақытта ұмытпайды. Себебі, Бірінші Петр реформаны билікті нығайту үшін емес, орыс халқын көркейту үшін жа­сады. Ал Го­дуновтың ре­фор­малары халық үшін жайлы болғанымен, арты­нан із қал­дырмады. Халық Годуновтан жаманшылық көр­ген жоқ. Бірақ, халық Годунов­ты сүй­меді. Неге? Себебі, Годунов ре­форма­ла­рының негізгі мақ­саты өз билігін бекіту үшін болды, түбегейлі мақсаттарды көздемеді. Белинский осы тарихи үдерістерді тереңнен тал­дай келе Пушкиннің дра­малық поэмасының қайшы­лық­­тарын көрсетіп берді. Бұ­дан шығатын қорытынды, тарихи тұлғаларға баға берген кезде ұлы адам­дардың өзі де қателіктерден тыс тұра алмауы мүмкін. Жал­ғыз қателеспейтін баға – халық бағасы. Қазір «Егемен Қазақстан» га­зетінің «Елімен етене Елбасы» деп жазып жүргеніндей Ел мен Елба­сы­ның арасында шекара жоқ. Тә­уел­сіздіктен бергі арада өт­кен 19 жыл уақыт, бастапқы кезде елмен бірге көрген ауырт­палықтар, сонан кейінгі қайнаған тіршілік қуа­ныш­тары, Елба­сының БАҚ арқылы күн­делікті беріліп тұратын қызметі, жыл сайынғы жолдаулары бұл екі ұғымның арасын жымдастырып, біте қайнастырып жіберді. Қайда барсаң да халық Елбасының аман­дығын тілеп жатады. Ал Ел­ба­сы­мыз халықтың қамы үшін ат үстінен түскен емес. «Даналық – махаббат пен достықтың дәнегі», деп Эмиль-Мари Файолдың айтқа­нындай, елдің сенімі мен сүй­іспеншілігі және халық ал­дындағы жауапкершілік жүгі Елбасымыздың қай­ратына қай­­рат, жігеріне жігер қо­са­тындай. «Махаббатсыз дү­ние бос», деген Абай атамыз. «Құш­­тарлықсыз – даналық жоқ», дейді Теодар Моммзен. Ме­нің ойым­ша Елбасының ел басқару ісінде үлкен табысқа жетіп, халықты соңынан адас­тырмай бастау себебі, ең бірі­нші – ел мен жерге деген сүйспеншіліктің белгісі, ел алдындағы ұлы міндетті жү­ректің қалауымен атқаруының жемісі. Иә, ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында өз тә­уел­сіз­дігіне ие болған жас мем­ле­кеттің көш басында тұрып, оның қабырғасын қатайтып, бұға­на­сын бекітудің, әлемдік саяси және әлеуметтік-экономикалық күр­­­делі құбылыстар ортасынан сү­ріндірмей алып жүріп, кең дүние таныған қуатты елге, ба­тыс пен шығысты жалғайтын ал­тын кө­пірге айналдырудың ба­қыты мен аза­бын бастан кешіру – Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев­тың тарихи миссиясы. Дәуірдің бетін ашқан да­налық миссиясы. Қара­пайым жанның қан­ша­лық­ты бақытты екендігі оның от­басы жағ­да­йынан білінсе, тарихи тұл­ғаның бақыты елдің жағ­да­йынан және елдің қамы жо­лында атқарған істерінен білінбек. Бұл жағынан алғанда қа­зір­гі таңдағы күллі әлемде біздің Ел­ба­сы­мызға те­ңе­сер саяси қай­рат­кер­лер санаулы-ақ болар. Нұрпейіс МАҚАШЕВ, «Қазақтүрікмұнай» БК» АҚ бас директоры, Парламент Мәжілісі ІІІ шақырылымының депутаты,  экономика ғылымдарының кандидаты.