21 Желтоқсан, 2010

Баспасөз-2011

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті  Сауытбек Абдрахмановқа Ағымдағы  жылдың қыркүйек айынан бастап  мерзімді  баспа­сөз­ге жазылу нау­қа­ны жүріп жа­тыр. Облысымыздың жергілікті атқарушы билік органдары атал­мыш жұмыстың саяси маңыз­ды­лы­ғын ескере оты­рып, респуб­ли­калық басылымдарға жа­­зылуды ұйымдастыруда қолдау көр­сетуде. Бұл орайда, әрине, зама­ны­мыз­дың заңғар басылымы, қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – «Егемен Қазақстанның» ала­тын орны ерекше. Себебі, көзі қа­рақ­ты оқырман егемен еліміздің  есе­лі жетістіктері, қарыштап да­мып келе жатқан Қазақ­станның саяси-экономикалық, әлеуметтік салалардағы толағай табыстары,  шешімі кезек күттірмейтін көкей­кесті мәселелер туралы  шынайы жазылған материалдарды дәл осы басылым беттерінен таба алады. Тәуелсіз еліміздің айнасы – «Егемен Қазақстан» газетін қой­науы қазынаға толы, қасиетті Қа­рағанды өңірінің жұртшылығы да сүйіп оқиды. Оның біздің об­лысы­мыз­дағы таралымы жоғары басы­лымдардың бірі екендігінің өзі – осы сөзімізге айқын дәлел бо­ла алады. Бүгінгі таңда облыс бой­ынша «Егеменнің» 13317 да­насы жазылып алынды. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 600 дана артық. Газет  ұжымының  еліміздің сәу­леті мен дәулеті, баянды бола­ша­ғы жолындағы ең­бектеріне сәт­тілік және шығармашылық та­быс тілеймін. Серік АХМЕТОВ, Қарағанды облысының әкімі.