28 Желтоқсан, 2010

Қантөгісті билікке талас

565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Батыс Африкадағы Кот-д  Ивуар мемлекетінде билікке таластан қан төгіліп жатыр. Осыдан бір ай бұрын президент сайлауы өтіп, билікке таласқан бұрынғы президент Лоран Гбагбо мен оппозиция өкілі Алассан Уаттара өздерін жеңімпаз санағаннан кейін елде қанды қақтығыс өрістеді. Одан қазірге дейін 173 адам қаза тапты. Әскерилер қолдаған Лоран Гбагбо билік жүргізіп отырса, БҰҰ Бас Ассамблеясы Алассон Уаттараны елдің жаңа президенті ретінде таныды. Халықаралық бас ұйымның бір елдің ішкі ісіне бұ­лайша араласуын құптау да қиын. Бұл, елдегі қарулы қақтығысты аза­мат соғысына ұласуы әбден мүмкін. 20 жылдық тыйым Бұрын киноны жақсы көре­тіндерге Канн және Венеция кино фестивальдерінің лауреаты ретінде таныс Жафар Панахи енді әлем жұртшылығына саяси қайраткер ретінде танылмақ. Оны танытқан Иран билігі болып отыр. Жақында Панахи «жүйеге қарсы әрекеті үшін» алты жылға сотталды. Бәрінен де алты жыл түрмеде отыратыны емес, 20 жыл бойы кино түсіруге, сценарий жазуға, шет  елге шығуға, БАҚ-тарға  сұхбат беруге тыйым салғаны қатты тиіп отыр. Әзірлеген  Мамадияр ЖАҚЫП.