28 Желтоқсан, 2010

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА

544 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын және еліміздің халықаралық аренадағы қол жеткізген табыстары мен ұстанымының нығаюын Сіздің есіміңізбен байланыстырады. Алысты болжайтын, көреген саясаткер ретінде Сіз аса зор беделіңіздің нәтижесінде Ұлт Көшбасшысы болып танылдыңыз. Бүгінде Сізді жиырма бірінші ғасырдың ең танымал тұлғасы ретінде атайды. Бұған Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және Астанада Ұйымға қатысушы елдердің Саммитінің өтуі нақты куә болады. Тәуелсіздік жылдарында Сіздің жетекшілік етуіңіздің және кең ауқымдағы экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалардың табысты жүзеге асырылуын біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының стратегиялық көрегендігінің нәтижесі деп білеміз. Бүгінде Қазақстан Орталық Азия өңірінде көшбасшы болып табылады және әлемдік аренада кеңінен танылды. Экономикалық және индустриялық секіріс ел халқының негізгі әл-ауқаты болды. Сіздің көрегенді саясатыңыздың нәтижесінде қазақстандықтар бейбітшілікті қамтамасыз етіп, елімізде тұрақтылықты нығайтуға, қоғамда бірегей үлгідегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қалыптастыруға қол жеткізді. Жаңа кезеңдегі жас республика өзінің жаңа астанасы – Астана қаласына қарап уақыт теңестіреді, ондағы құрылыстар жиырма бірінші ғасырдағы ұлттық ғажайып жобалары ретінде танылған. Сіздің арман еткен қала қазірдің өзінде Тәуелсіз Қазақстанның символына айналды. Бүгінде Қазақстан халқы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елба­сы­ның өкілеттігін ұзарту туралы референдум өткізуге бастама көтеріп отыр. Бұл қазақстандықтардың Сіздің стратегиялық ұстанған саяса­ты­ңызға қолдау көрсеткені болып табылады. Еуразиялық табиғи ресурс­тар корпорациясының бүкіл ұжымы және басшылығы қазақ­стан­дық­тардың осы бастамасына толықтай қолдау білдіреді. Біз өркен­деген Қазақстан Республикасының алдағы дамуын еліміздің Тұңғыш Президенті, Сіздің есіміңізбен байланыстыратынына мүлтіксіз сенімдіміз. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің басшылығыңызбен Қазақ­станның жаңа табыстарға, экономикалық дамуға жететіндігіне сенеміз. ENRC еңбек ұжымдары.