31 Желтоқсан, 2010

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №367

982 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
2010 жылғы 2 маусым, Астана қаласы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 маусымдағы «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 39) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Ұсынылып отырған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Р.Ә.Токсеитова) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Респуб­ликасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр                А. КҮРІШБАЕВ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусым  №367 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Ауыл шаруашылығы жануарларын бір­дейлендіру жөніндегі деректер база­сын қа­лып­тастыру және жүргізу ережесі (бұ­дан әрі – Ереже) Қазақстан Респуб­ли­касының 2002 жылғы 10 маусымдағы «Ве­теринария тура­лы» Заңының 8-бабының 39) тармақ­ша­сына сәйкес әзірленген және ауыл шаруа­шы­лығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын (бұдан әрі – деректер база­сы) қалыптастыру және жүр­гізу тәртібін бекітеді. 2. Осы Ережеде келесі ұғымдар қол­да­нылады: 1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасы – ветеринария саласындағы қызметті жү­зеге асыратын жергілікті атқарушы орган­дардың бөлімшелері жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын диаг­нос­тикалық зерттеулер нәтижелерін қоса ал­ғанда, жануар­лар­дың жеке нөмірі тура­лы, оны ветеринария­лық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветери­нария­лық есептің бөлігі; 2) топтастыру - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі мағлұматтарды жинақтау, біріктіру және орталықтандырылған сақтау; 3) ветеринария саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі; 4) уәкілетті органның, мемлекеттік вете­ринариялық-санитариялық бақылауды жү­зе­ге асыратын ведомствосы – Қазақстан Рес­­публикасы Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті; 5) ветеринариялық бөлімше – облыстар­дың, республикалық маңызы бар қаланың, астананның, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ­тің ветеринария саласындағы қызметті жү­зеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері. 3. Деректер базасынның жұмыс істеуі «Е-Agriculture» Агроөнеркәсіп ке­шені сала­ларының бірыңғай автоматтан­ды­рылған бас­қару жүйесі аясында жүзеге асырылады. 4. Деректер базасы арналған: 1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бірыңғай принциптерін қам­тамасыз ету және оларды мемлекеттік есепке алу үшін; 2) жануарлардың республика ішінде орнын ауыстыру, және оларды экспорт­таған­да және импорттағанда бірыңғай автомат­тан­дырылған бақылау жүйесін құру үшін; 3) эпизоотияға қарсы, ветеринариялық алдын алу шараларының нақтылығын қам­тамасыз ету үшін; 4) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-сани­тария­лық күйін, сапасы мен шыққан жерін бақы­лауды нығайту үшін; 5) жануарлар туралы мемлекеттік ор­ган­дарды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін; 6) мал шаруашылығы өнімдерінің нарығын басқару және болжау үшін, жануарлар саны туралы ақпаратты алу: мал басы, жынысы, жасы, тек тәнділігі және орналасқан мекені; 7) мал шаруашылығында селекциялық бағдарламалар және технологиялық жүйе­сін жетілдіру жүйесін оңтайландыру үшін. 5. Деректер базасы электронды түрде жүргізіледі. Деректер базасын жүргізу рұқсат етілмеген іс-қимылдар мүмкіндігін қақпайлауды қамтамасыз ететін жағдайда іске асырылады. 6. Деректер базасына ену мүмкіндігі уәкілетті органның келісуімен Қазақстан Республикасы ақпараттандыру заңнама­сы­мен белгіленген тәртіпте беріледі. 7. Уәкілетті орган: 1) деректер базасын өз жұмысында, жинақтауды, деректерді талдау, оларды сақтауды қосқанда, қолданады; 2) деректер базасының бағдарламалық құралдарын жетілдіреді; 3) деректер базасын жүргізудің ұйым­дастыру және әдістемелік принциптерін әзірлейді және жетілдіреді. 8. Уәкілеттік органның, мемлекеттік ве­теринариялық-санитариялық бақылау­ды ж­ү­зе­ге асыратын ведомствосы деректер база­сын жануарлардың орнын ауыс­тыру, жануарлар иелерінің бірдейлендіру нөмір­лерін берілуін және қолданылуын, деректер базасының мағлұматының толық­тығын және нақтылы­ғын қадағалау мақсатында қолданады. 2. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу тәртібі 9. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жануарлар иесі жөнінде және бірдейлендірілген жануарлар туралы мағ­лұ­мат­тарды, және де оларға өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асады. 10. Деректер базасын қалыптастыруға және жүргізуге мыналар енгізіледі: 1) жануарлар иесі жөнінде мағлұмат­тар енгізу: шаруашылық жүргізуші субъект (заң­ды тұлғалар) үшін: шаруашылық жүр­гізуші субъектінің атауы, оның орналасқан мекені, заңды тұлғаның тіркелген мекен-жайы, кәсіпорынның есептік нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН); жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты, ұдайы тұратын жерінің мекен-жайы, есептік нөмірі (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –ЖСН); 2) бірдейлендірген жануарлар жөнінде мағлұматтар енгізу: жануарлардың бірдейлендіру нөмірі, тектік және желілік тәнділігі; аты (болған жағдайда); жынысы; шығу тегі туралы мағлұмат; туу туралы деректер; қырылу (өлім-жітім) туралы деректер: қырылу (өлім-жітім) анықталған фактісі­нің күні, қырылудың (өлім-жітімнің) себебі; сойылуы, сатылуы, алынып жойылуы, жо­ғалуы туралы деректер: сойылған, сатыл­ған, алынып жойылған күні, сойған немесе жой­ған кәсіпорыннын аталуы (жеке тұлға­лар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН), тіркелген мекен-жайы, кәсіп­орынның есептік нө­мірі, БСН, сатылғанда – елді мекеннің аталуы; 3) жануарлардың орнын ауыстыру жөнінде мағлұматтарды енгізу: орнын ауыстырудың күні мен себебі; кеткен және/немесе жіберілген және келген жануар иесі туралы деректер, шаруа­шылық жүргізуші субъект (заңды тұлғалар) үшін: шаруашылық жүргізуші субъектінің аталуы, оның орналасқан мекені, заңды тұл­ғананың тіркелген мекен-жайы, кәсіп­орын­ның есептік нөмірі, БСН; жеке тұлға­лар үшін: тегі, аты, әкесінің аты, ұдайы тұ­ра­тын жерінің мекен-жайы, есептік нөмірі (болған жағдайда), ЖСН, жануарларды импортаған­да немесе экспор­тағанда елдің (әкімшілік аумақтың) аты; 4) жануарлардың денсаулығы, ветери­нария­лық алдын алу, емдеу шараларының және диагностикалық зерттеулер туралы мағлұматты енгізу; 5) деректер базасындағы мағлұмат­тар­ды жаңарту (ветеринариялық шаралар, жануар­лардың туылуы, қолдану, иемдену құқығын беру, сатып алу, сату және ұрлану, сою немесе қырылу процестерінде жүзеге асырылады). 11. Ветеринариялық бөлімшелердің ве­теринариялық дәрігерлері деректер ба­за­сы жаңартылған жағдайда тиісті әкім­ші­лік-аумақтың мемлекеттік вете­ри­нария­лық-санитариялық инспек­торына хабарлайды. 12. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің ветери­нариялық бөлімшесінің ветери­на­риялық дәрі­гер­лері ведомостың негізінде, осы Ере­женің 10-тармағында көр­се­тіл­ген мағлұмат­тарды деректер базасына енгізеді және ауыл шаруа­шылығы жануарларын бірдейлендіру туралы деректерді интернет-байланыс арқы­лы күнде­лікті ауданның (облыстық маңызы бар қала­ның) ветеринария саласындағы қыз­метті жүзе­ге асыратын жергілікті атқарушы органдар­ды­ның бөлім­ше­сіне жіберілуін жүзеге асырады. 13. Республикалық маңызы бар қала­ның, астананың ветеринариялық бөлім­ше­сінің ветеринариялық дәрігерлері ведомостың негізінде, осы Ереженің 10-тармағында көр­сетілген мағлұматтарды енгізеді және ауыл шараушылығы жануарларын бірдейлендіру туралы деректерді интернет-байланыс арқылы күнделікті уәкілетті органға жіберілуін жүзеге асырады. 14. Ауыл шараушылығы жануарларын бірдейлендіру туралы деректерді интернет-байланыс болмаған немесе жіберуге кедергі болатын басқа жайлар болған жағдайда, ветеринариялық бөлімшенің ветери­нария­лық дәрігері енгізілген деректерді қолда бар алмалы-салмалы ақпаратты тасымал­даушыға түсіреді және мәліметті жоғары тұрған органға жіберілуін қам­тамасыз етеді. Бұйрық Қазақстан Республи­касы­ның Әділет министрлігінде 2010 жыл­ғы 3 шілде Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6321 болып енгізілді.